Үшінші мегаполис сапалы интернетпен қамтылады

Шымкентті сапалы интернетпен қамту мәселесі жуырдақалалық әкімдікте өткен жиында талқыланды.
Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов қаланысапалы интернетпен қамту мәселелері бойынша «Қазақтелеком», «ТрансТелеКом» АҚдиректорлары және ұялы байланыс операторларымен кезекті онлайн жиналыс өткізді.ОндаЦифрландыру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Д.Әлібеков қаланы сапалыинтернетпен қамтамасыз етудің 2020-2021 жылдарға арналған стратегиялықжоспарымен таныстырды.Оның айтуынша, базалық станция орнату үшін қала аумағынан 11 жер теліміанықталып, Google maps картасында белгіленген. Олар Н. Назарбаев даңғылы,Арғынбеков пен Айша бибі көшесінде, Қайтпас, Шымсити-Асар қиылысы, Қайнарбұлақшағын ауданы, Асар шағын ауданындағы ішкі айналма жолы, Шымкент-Алматы тасжолынан Достық шағын ауданы бағытына қарай, Төлеметов-Өтегенов көшелерініңқиылысына қойылады деп жоспарлануда.Стратегиялық жоспарда қаланы интернетпен қамту мәселесі бойынша зерделеужұмыстарын жүргізетін жұмысшы топ құру, тұрғындарды сапалы интернетпенқамтамасыз ету үшін байланыс операторларымен меморандум түзу, «Ақылды күнбағыс»ақпараттық-танымдық кешенінің қызметін күшейту және санын арттыру, орнатылғанбазалық станциялардың адам өміріне қауіпсіздігі жөнінде тұрғындар арасындакеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қаралған.