Усман Дембеле 2025 жылғы «Алтын доптың» иегері атанды

Пари Сен-Жерменнің (ПСЖ) жартылай қорғаушысы Усман Дембеле футбол әлеміндегі ең беделді жүлде – «Алтын доп марапатын иеленді.
Француз клубының шабуылшысы 2024/25 жылғы маусымда ерекше ойын көрсетіп, Луис Энрикенің командасында шешуші рөл атқарды. Оның көмегімен ПСЖ тарихындағы тұңғыш рет «требл» жасады:
- Чемпиондар лигасы;
- Франция біріншілігі (Лига 1);
- Франция кубогы.
Бұл жетістік париждіктерді маусымның басты сенсациясына айналдырды.
Дембеле Лига 1 маусымында 21 гол соғып, өзінің мансабындағы ең үздік нәтижеге қол жеткізді. Бұл көрсеткіш оған дауыс беруде айқын артықшылық берді. Сондай-ақ ол көктемгі шешуші ойындарда гол мен нәтижелі пас арқылы командаға зор үлес қосты.
«Алтын доп-2025» жүлдесіне финалға шыққандар қатарында Ламин Ямаль, Килиан Мбаппе, Мохамед Салах және Коул Палмер сияқты жұлдыздар болды. Бірақ ақтық дауыс беруде Дембеле басты қарсыласы Ламин Ямалды артта қалдырды.
Айта кетейік, Ямаль жастар арасындағы үздік ойыншыға берілетін Копа трофейін иеленді.