Ұстаз жолы- дара жол

Ұстаз! Осы бір бесәріптен ғана тұратын сөздің астарында теңіздің тереңдігіндей қаншама мән- мағына, таудың биіктігіндей ұғым жатыр.
Әр оқушының бойына білім нәрін сеуіп,бұлақ суындай сусындатқан ұстаздың еңбегін ұмыту мүмкін емес. Әрбір шәкірттіңөзі сүйген, жылдар бойы тәлім алған ұстазының аяулы бейнесі көкірек көрігінде, жүрек түбінде сақталуы заңдылық депбілемін. Ұлы ұстаз алдынан өтпейтін ешбір пенде жоқ, ғалым, дана да, ақын, әншіде, барша адамзат баласы ұстаз алдынан білім нәрімен сусындаған. Петропавлқаласындағы Әбу Досмұқанбетов атындағы қазақ орта мектеп- интернатының болашаққақұлаш сермеп, арман қуып кеткен 1988 жылғы түлектері өзіміздің аяулы да ардақтыұстазымыз, тәрбиешіміз Мұстафин Бекет Салықұлының 65жылдық мерейтойы қарсаңындажылы лебіздерімізді айтып, құттықтағымыз келеді. Неше жылды артқа тастап,мектеп бітіргелі 30 жылдан артық уақытөтті. Сағындырған кездер- ай, қайта оралмас мектеп өмірі әркімнің есіндеқалатын бақытты балалық шақтың белестері емес пе? Негізгі мектепті бітіріп,бәріміз үлкен қалаға жол тартып, алғаш интернат табалдырығын аттағанда еңбірінші жылы шыраймен қарсы алған ұстазымыз Бекет ағай болатын. Облыстың әр ауылынан келген қара домалақ ұл-қыздарына өмірдің қыр- сырын білуге, сан қилықұбылыстарды терең түсінуге жол көрсетіп, жан дүниемізге мейірім шуағынтаратып, адамгершілікке баулыған ұстазымыздың еңбегі біз үшін ерекше. Көңілі пәк, ойы терең, жүрек нұрынан өз жемісінің өнімін көру әр ұстаздың арманы емес пе? Жарқын жүзді, «қатал» мінезіменбізді бір ортаға жинап, ақыл айтып, тәрбиелеген кездері әлі де есімізде.Ұстаздықпен тәрбиешілік қызметті қатар ұстап, бала жүрегіне жол таба білген ағайымыздыңасыл қасиеттері өзінің ата- анасынан дарыған. Физика және астрономия сырларымен құпияларын терең меңгере білуге үйретумен қатар, тәрбиені ұштастыра білді. «Жақсыныңжақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, Бекет ағайымыздың ұлағатты ақыл сөздеріәр шәкіртінің санасына дарып, бойымызға сіңірді. Ұлы Абай атамыз айтқандай «Үшнәрсе адамның қасиеті; жылы жүрек, нұрлы ақыл, ыстық қайрат» деген салмақтысөзі Бекет ағайдың бір өзіне арналған ба дерсің! 30 жылдан асып, әрқайсымыз елдің түкпір- түкпірінде жүрсекте, сыныптастарымызбен әлеуметтік желіде хабарласқан кезде де еңбірінші сөзіміз ұстаздарымыздыңамандығын білуден басталады. Мектеп түлектерінің кездесу кешінде сәті болмай бара алмадым, бірақ сыныптастарымыз көңілдері көтеріңкікеште ұстаздарымызбен кездесіп, мәре-сәре болып қайтқанына қуаныштымын. Бұл біресте қаларлық ұмытылмас сәт. Бекет ағайды заты дара тұлға деп айтсам артық болмаседі. Бұл сөзімді сыныптастарым да қолдайды деп ойлаймын. Тәрбиеші ағайымыз ер азамат болса да, ұл-қыздарға ақылы бірдей, тәлімі ортақболды. Әрқайсымыздың мінез- құлқымызды жетік меңгеріп, ата-анамыздай болыпкетті. Шәкірттік өмірімде осындай ұстаздан білім, тәрбие алғаныма мен қуаныштымын. Өз мінезімдегіеңбекқорлық, жауапкершілік, ойымды ашық айту секілді өжеттілік қасиеттерім бірінші ата – анамның,екіншіден Бекет ағайдың берген тәрбиесінің бір үлгісі деп білемін. «Ұстазыжақсының ұстанымы жақсы» дегендей Бекет ағайдың алдынан түлеп ұшқан оқушыларықазіргі таңда жақсы маман иелері, ер жеткен үлкен ел азаматтары. Жақсы ұстаздантәлім алған біздер өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолымыздан тайынбайеңбек етіп келеміз.Өзіміз де қазір ата-ана болып, бала тәрбиесіне көңілбөлеміз. Әрқайсымыз мұғалімдік, дәрігерлік, кітапханашылық, тағы да басқасалаларда қызмет атқара отырып, өз балаларымызға ұстаздың қадір- қасиетіжайында ақылымызды айта отырамыз. Салауатты өмір салтын ұстану, қазағымыздыңсалт- дәстүрін қастерлеу, үлкенге құрмет, кішіге ізеттілік көрсету секілді ізгіқасиеттер, осының бәрі Бекет ағайымыздың ерен еңбегінің жемісі. Ардақты да асылұстазымызға айтар алғысымыз шексіз. Арада көп жылдар өтсе де, ұстаз еңбегіелеулі, әрқашанда бас иеміз. Бекет Салықұлы, сіз ұшырған түлектер, әрқашандасізді ұмытпайды. Алланың назарында, бақыттың базарында отбасыңызбен ұзақ ғұмыркешіп, әлі де биік белестерді бағындырып, алдыңыздан түлектерді ұшыра беріңіз.Жасыңызға жас қосылып, еңбегіңіз әрқашанда бағалана берсін деп шынай шәкірттіктілегімді білдіремін.
БақытгүлШайжанова,
СерікҚазанғапов,
мектептің1988 жылғы түлектері