Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:57, 18 Желтоқсан 2023

«Үйдегі тірліктің бәрін маған артып қоятын»: шетелдіктер асырап алған қазақ қызы мұңын айтты

отбасы
Фото: из открытых источников

7 жасында АҚШ-тың Орем қаласының тұрғындары асырап алған қазақ қызы Линдзи өз отбасын іздеуде. Бұл туралы "Шетелдегі қазақ балалары" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

"Асырап алған әке-шешемнің ажырасып кеткені жаныма қатты батты. Бәрінен бұрын бауырларым теріс айналды, менімен аралсқылары келмеді. Себебі бар, не үшін екенін айта алмаймын. Психотерапевтке де бардым. Жаман ойлардан асырап алған әкемнің қолдауы арқылы шықтым. Бұл дүниеге бекер келмегенімді түсіндім. Әкеме ағымнан жарылып,балалық кездегі бақытсыздығым туралы айттым. Анам маған қалай болса, солай сөйлейтін. Үйдегі тірліктің бәрін маған артып қоятын. Ол кезде небәрі 7-10 жаста болатынмын. Маған махаббат жетіспеді. Балалар үйінде де, бұл жерде де сүйіспеншілік көрмедім", - деді Лаура.

Бүгінде ол шетелде бір бөлмені жалдап тұрады. Оның айтуынша, басынан өткен әрбір қиындық оның өсуіне мүмкіндік берген. 

"Жалғыз емеспін, жақсы көретін адамдарым бар. Солар үшін өмір сүру керекпін. Өмірдің теперішін көп көрген адаммын. Көп бейнет шектім, тірідей тозаққа түстім. Басымнан өткізген қиындықтардың арқасында мықты бола түстім. Әлі де өсіп жатырмын. Бір үмітке сеніп келе жатырмын. Қараңғылықтан кейін жарық келеді", - деді ол.

Қазір ол тек бір мақсатының барын, туған отбасын көргісі келетінін айтты. 

"Өмірдегі басты мақсатым - туған отбасымды табу. Өз ата тегімді білгім келеді. Мүмкін үлкен бір әулеттен шыққан шығармын. Асырап алған Маклеиндермен қаным бір емес. Ал мен өз тегімді білгім келеді. Туған әке-шешемнің өлі-тірісін біліп, түрін көргім келеді. Мені неге балалар үйіне өткізгенін білер едім", - деді ол.