Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:24, 24 Сәуір 2019

Велоспорттан Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды

Бұл күндері Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында велоспорттан Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Осымен, 39-рет ұйымдастырылып жатқан жарыста Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы алтын мен күміс медальды жеңіп алды.

Еліміздің велоспорттан ерлер құрамасы құрлық біріншілігінде  қарсыластарын шаң қаптырып, жеңіске жетті.Команда сапында  Юрий Натаров, АртемЗахаров, Дмитрий Груздев, Евгений Гидич, Жандос Бижігітов және Даниил Фоминых өнеркөрсетті.

Бұл сында екінші орынға Оңтүстік Корея ие болса, қола медальға Гонконгкомандасы қол жеткізді.

Ал Қазақстанның әйелдер құрамасы екінші орын алды. Еліміздің намысын НатальяСайфутдинова, Амилия Искакова, Фаина Потапова, Махаббат Үмітжанова, ВикторияПастарнак және Жанерке Санақбаева қорғады. 

Қыздарымыз Оңтүстік Кореяға есе жіберіп, Гонконгспортшыларынан озып кетті. 

Азия чемпионатының алдында велоспорттан ұлттық құраманың бас бапкері АсанБазаев екі медаль жеңіп алуды көздеп отырғанын айтты. Сол тапсырма жүзеге асты.

«Біз командалық жарысқа дайындалдық. Қазақстан командасы сапында Азияның үздіктері жиналған. Жігіттер жарыс жолын бір деммен жүріп өтті. Бұрылыс кезінде біздің нәтиженің жақсы екенін білдік. Тап осындай көрсеткіш үшін келгенбіз», – дейді Асан Базаев.

Ал команданың жеңісіне үлес қосқан велошабандоз АртемЗахаров команданың дайындығы жоғары болғанын жеткізді. 

«Барлығыда сәтті өтті. Ауа райының да көмегі көп. Ал жарыс жолы айтарлықтай қиын болғанжоқ. Тек жел ғана сәл әсерін тигізген шығар. Қазіргі көңіл-күйіміз керемет. Команда толығымен дайын болды. Жеке мен үшін Ташкенттегі Азиячемпионаты аяқталды. Тығыз кестеге байланысты енді тректен өтетін екі жарысқадайындаламын»,–дейді Захаров.

Тегтер: