Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:55

Венгрия мен Украина арасындағы жанжал ушықты

Зеленский
Фото: ашық дереккөз

Украиналық «Европейская правда» басылымының хабарлауынша, Украина Сыртқы істер министрлігінің 10 наурыздағы нотасына сәйкес, Будапешт Украинаға «Дружба» мұнай құбырының жағдайын тексеруге жібергісі келген делегация форматын ресми түрде мақұлдамаған.

Венгрия мен Украина арасындағы мұнай тасымалы бойынша даулар шамамен екі айдан бері жалғасып келеді.

Құжатта былай делінген:

«Украиналық тарап үшін елшілік нотасында ұсынылған визит мерзімдері қолайсыз. Венгрия тарапы жаңа мерзімдерді дипломатиялық каналдар арқылы келісуді қарастыруы тиіс. Делегацияны энергетика вице-министрі Габор Цепек басқаратын болады».

Бұған дейін Киев Венгрия делегациясын 11 наурызда шекарадан ресми мәртебесіз өткендіктен «туристер» деп атаған. Президент Владимир Зеленский делегацияның визиті туралы ештеңе білмейтінін мәлімдегеннен кейін, Венгрия Сыртқы істер министрі Петер Сийярто оны жалған ақпарат таратып жатыр деп айыптаған. 

Сондай-ақ Венгрия Украинаға 90 млрд евро көлеміндегі ЕО несиесін «Дружба» құбыры арқылы мұнай транзиті қайта басталғанға дейін бұғаттап отыр.