Вирусқа байланысты оқушылардың демалысы ерте басталады, студенттер онлайн оқуға көшеді
Коронавирустың алдын алу шараларына байланысты Қазақстан мектептерінде көктемгі демалыс бір апта ерте басталады.
12 наурызда Нұр-Сұлтанда өткен брифинг кезінде премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов осылай деп мәлімдеді.
— Орта білім беру мекемелері 16 наурыз бен 5 сәуір аралығында демалысқа шығады. 16 наурыздан бастап кәсіптік-техникалық білім беру мекемелері мен жоғары оқу орындары мүмкіндігінше қашықтықтан оқуға көшеді, — деді Ералы Тоғжанов.
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, егер демалыс аяқталғанға дейін жағдай оңалмаса, онда қашықтықтан оқыту әдістеріне сүйенуге тура келеді. Оның сөзіне қарағанда қазақстандық оқу орындарының қашықтықтан оқыту жүйесін пайдалану бойынша тәжірибесі бар. Canvas, Platonus, Google classroom сияқты онлайн оқу жүйелерін қолданатын кейбір оқу орындары жартылай онлайн оқытуға да көшкен.
Қазақстан мектептерінде демалыс 21 наурызда басталып, 2 сәуірде аяқталуы тиіс болған. Демалыс кезінде оқушылардың экскурсияға шығуына да тыйым салынады.
Аймағамбетовтің айтуынша, балабақшалар бұрынғыша жұмысын жалғастыра береді.
Қазақстанда ресми дерек бойынша, коронавирус табылмаған.
Видео: Коронавирустан сақтаныңыз. Қолды қалай жуу керек?
<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«pangea-video» data-persistent data-persistent-browse-out> <div class=«c-mmp c-mmp--enabled c-mmp--loading c-mmp--video c-mmp--standard c-mmp--has-poster c-sticky-element__swipe-el» data-player_id="" data-title=«Коронавирустан сақтаныңыз. Қолды қалай жуу керек?» data-hide-title=«False» data-breakpoint_s=«320» data-breakpoint_m=«640» data-breakpoint_l=«992» data-hlsjs-src="/Scripts/responsive/hls.b">
Embed Бөлісіңіз Коронавирустан сақтаныңыз. Қолды қалай жуу керек?
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. <input type=«text» name=«embed_code» class=«c-mmp__input-text js-embed-code» dir=«ltr» value="" readonly />width /> px height /> px
The URL has been copied to your clipboard <input type=«text» name=«share_url» class=«c-mmp__input-text js-share-url» value=«www.azattyq.org/a/30481566.html» dir=«ltr» readonly />
No media source currently available
0:00 0:01:07 0:00 Жүктеп алу