Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:42, 23 Маусым 2023

Визалық режим жеңілдейді

None
None

13-14 маусым күндері Астана қаласында ҚР премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Еуропалық одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Терхи Хакаламен және Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметі Бас хатшысының орынбасары Энрике Морамен ресми кездесті.

Кездесу барысында «ОА-ЕО» форматында өңіраралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, Қазақстан мен ЕО арасындағы ауқымды жобаларды дамыту барысын талқылап, пікір алмасып, өзара қызығушылық танытты.

М.Нұртілеудің Брюссельге жасаған сапары барысында еуропалық серіктестермен келіссөздердің сындарлы саясатын, Қазақстанның Еуроодақпен қарым-қатынасты ілгерілетуге аса мүдделі екеніне тоқталды.

Министрдің айтуынша, 2023 жылғы 2 маусымда ҚР президенті Қ.Тоқаевтың Қырғыз елі Шолпан-Ата қаласында өткен Орталық Азия елдері мен ЕО көшбасшыларының екінші кездесуіне қатысып, онда Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишельмен мазмұнды келіссөздерін, сондай-ақ осы күндері Астанада сыртқы саяси ведомстволары басшыларының орынбасарларының деңгейіндегі «Орталық Азия – ЕО» жоғары деңгейдегі диалогының 10-шы отырысын атап өтіп, аса жоғары деңгейдегі саяси диалогтың оң көрсеткіштеріне ерекше назар аударды.

Атап айтқанда, сыртқы істер министрлігінің басшысы екіжақты және өңірлік ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша, көлік және логистика саласындағы тараптар арасындағы тұрақты және қарқынды өзара іс-қимылды қолдайтынын айтты. Биылғы жылдың 19 мамыр айында Алматы қаласында ОА-ЕО Екінші экономикалық форумында Еуропалық даму және қайта құру банкі таныстырған Еуропа мен Орталық Азия арасындағы тұрақты көлік дәліздері бойынша зерттеулері нақтыланды.   М. Нұртілеу еліміздің халқы үшін ЕО визалық режимін оңтайландыру, жеңілдету жөнінде екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарының бірі болып табылатынын, Брюссельге сапары кезінде қол жеткізілген келісімдерге сілтеме жасап, ол Қазақстан тарапының осы мәселе бойынша жақында нақты кеңес беруді бастауға дайын екендігі айтылды.

ЕО арнайы өкілі Т.Хакаланың сөзінде: «Еуропалық одақ Қазақстанмен қарым-қатынастарға жоғары мән беретінін, Қазақстанды Орталық Азиядағы басты әріптесі ретінде санаймын», – деп айтты. Ол тұрақты даму, бейбіт процестерге жәрдемдесу, экономикалық өсуді ынталандыру және бастамаларды қолдау сияқты ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін ҚР мен ЕО арасындағы белсенді өзара іс-қимылды жалғастыруға ниетті екенін білдірді.

Э. Мора Астана мен Брюссель арасындағы қарым-қатынастардың өзекті мәселелердің жайына жоғары баға беріп, Еуроодақта Қазақстанмен ынтымақтастық деңгейін көтеру және өзінің сыртқы саясатының басым бағыттары бойынша белсенділік танытып жатқанын мәлімдеді.

Кездесу барысында көлік-логистика, шикізат материалдары салаларындағы ынтымақтастықты дамытуды, визалық режимді жеңілдету сынды бірқатар басым мәселелер бойынша «сағаттарды теңестіруге» мүмкіндік берді.

Тегтер: