Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:30

Владимир Кимге тиесілі банк ресейлік банкке 3 млрд теңге төлейтін болды

Ким
Фото: ашық

Мәскеу арбитраждық соты Bank RBK-ны ресейлік Информтехника и Промсвязь компаниясына 470 млн рубльден астам қарызды өтеуге міндеттеді. Бұл — 3 млрд теңгеден асады.

Іс материалдарына сәйкес, 2017 жылы банк ресейлік жеткізуші мен қазақстандық Grand Telecom арасындағы келісімшарт бойынша кепілгер болған. Жабдық 2020 жылға дейін орнатылғанымен, 2022 жылдан кейін сатып алушы төлем жасауды тоқтатқан.

Келісім аясында Bank RBK қайтарымсыз банктік кепілдік берген және сатып алушының берешегін толық өтеуі тиіс болған. Алайда жеткізуші қарызды өтеуді талап еткен кезде, банк санкциялық тәуекелдерге сілтеме жасап, төлем жасаудан бас тартқан.

Даулы мәселе алдымен Швециядағы төрелік сотта қаралып, трибунал банкке қарыз қалдығын өтеуді міндеттеген. Енді Мәскеу соты да осы шешімді қолдап, берешекті төлеу туралы үкім шығарды.

Тегтер: