Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:00

Владимир Путин мамыр айында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Тоқаев пен Путин
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Әңгіме барысында Владимир Путин Мемлекет басшысын жалпыұлттық референдумның сәтті өтуімен және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануымен құттықтады. Президенттер екіжақты қарым-қатынастың күн тәртібін талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев мамыр айының соңына жоспарланған Ресей Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды нығайту үшін маңызды екенін атап өтті.

Владимир Путин алдағы Астанада өтетін келіссөздердің маңызын қолдап, екіжақты ынтымақтастықтың барлық стратегиялық маңызды салаларда тұрақты түрде дамып келе жатқанын айтты.

Владимир Путиннің Қазақстанға алдыңғы мемлекеттік сапары 2024 жылдың қараша айында болған.