Бүгін, 10:04
Яна Легкодимова ісі: апелляция үкімді өзгерткен жоқ
Яна Легкодимова ісі бойынша шығарылған үкім өзгеріссіз қалды.
Атырау облыстық қылмыстық соты сотталғандардың апелляциялық шағымдарын қарап, бірінші сатыдағы сот шешімін күшінде қалдыру туралы қаулы етті.
Осылайша, Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Қатимовке тағайындалған өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы өзгеріссіз қалды.
Сот отырысына жәбірленуші тараптың өкілдері қатысып, қабылданған шешімді қолдайтындарын мәлімдеді.
Айта кетейік, бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырып, көпшіліктің назарын аударған еді.