Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:12, 10 Тамыз 2020

Ынтымақтағы ауыз су проблемасы шешіледі

Шымкент қаласы Абайауданы аумағында орналасқан «Ынтымақ»-2 шағын ауданында ауыз су мәселесін шешуүшін жобалық сметалық құжаттары дайындалып, қала қазынасынан 50 миллион  теңге қаржы қаралды.

Бұл туралы Шымкентқалалық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

  Бүгінде мұндағы 10 көшеге суқұбырлары тартылды. Құрылыс жұмыстарын «Ахмет» ЖШС жүргізуде. Жұмыссапасына кепілдік мерзімі 5 жылды құрайды.«Ауыз су мәселесі 2021 жылдың 2-жартыжылдығына жетпей шешіледі. Сондаосындағы 3 жарым мың үй толықтай ауыз сумен қамтылатын болады»,-дейді Абайауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Тілеш.«Ынтымақ»-2 шағын ауданына ауыз су тарту жұмыстары мамыр айында басталғанболатын. Қазірде құрылыс жұмыстары қарқын алған. Мердігер мекеме жұмысшы санынкөбейтіп, ауыз су жүйесін белгіленген кестеден ерте бітіруді жоспарлап отыр.
Тегтер: