Залалсыздандыру жұмыстарына сарбаздар да жұмылдырылды
Шымкент қаласыныңАбай ауданында індетке қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.
Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткенбрифингте аталған ауданның әкімі Бұхарбай Парманов мәлім етті.
– Елімізде төтенше жағдай жарияланғануақыттан бері ауданда карантинге жабылған аумақтардан бөлек, шағын аудандар ментұрғын алабтардың көшелері және көп қабатты тұрғын үй аулаларында қарқындытүрде залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Ауданға қарасты 1025 көшенің582-сі қалалық «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС-і атқарса, «Pubic protection» ЖШС-і тас,топырақ жолдар мен арнайы техниканың кіріп шығуына қиындық тудыратын 382 көшегезалалсыздандыру жұмыстарын жүргізді. Ал ауданның орталық 61 көшесіндезинфекциялау Шымкент қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасытарапынан атқарылды. Қазіргі таңда аулаларды және көп қабатты тұрғын үйлердіңкіреберістерін залалсыздандыру жұмыстарын №35-748 әскери бөлімнің 25 сарбазыкүнделікті залалсыздандырып жатыр. Сондай-ақ, аудан аумағындағы жалпы 17 екіншідеңгейлі банк бөлімше мен 13 базар өз қаражаттарымен істелінсе, 358 аялдама, 2саябақ, 8 скверлерде заласыздандыру жұмыстары «ЛТД Тұрмыс» мекемесімен жасалыпкеледі, – деді Б.Парманов.