Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:53, 14 Қазан 2023

Заңгер, адвокат, нотариус табуға көмектесетін тегін платформа ашылды

заңгер
Halyq uni
 

Қазақстандықтар орташа есеппен жылына 4 рет заңгер қызметіне жүгінеді

Енді қазақстандықтар кез келген уақытта әлемнің кез келген нүктесінен заңгер, адвокат немесе нотариус

Қазақстандықтар орташа есеппен жылына 4 рет заңгер қызметіне жүгінеді

қызметіне оңай қол жеткізе алады, деп хабарлайды Zhasalash.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.

Қолданушы платформаға кіріп, заңгер қажет болатын уақыт пен елді мекенді көрсетеді, соған сай бос заңгер байланысқа шығып, ары қарай тараптар өзара келісе береді.

Отандастырымыз көп жағдайда заңгер қызметіне мұқтаж болғанда қайда бару керектігін білмей қиналып жатады. Қарпайым ХҚКО әлдебір құжаттар сұрағанда көбіміз алдымен нотариусқа барып кеңес алып, содан кейін ғана не істеу керектігін түсінеміз. Біздің стартап арқылы кез кезген қазақстандық кілтсөздер арқылы өзіне қажетті заңгерді таба алады, - дейді стартаптың өкілі Андрей Пономарев.

Стартап өкілінің айтуынша, платформада әр заңгердің өзіндік рейтингі болады, бұл қызмет сапасын арттыруға көмектеседі.

Zan-Lab қызметі қолданушыларға тегін, ал заңгерлерге ақылы болмақ.

Ресми статистика бойынша, қазақстандықтар орташа есеппен жылына 4 рет заңгер қызметіне жүгінеді. Мәселен, 2022 жылы 347 мыңнан астам жеке тұлға адвокат көмегін алған, 12 млн-нан астам нотариус қызметі көрсетілген. Ал Қазақстан бойынша осы салада 28 мыңнан астам маман жұмыс істейді.

Тегтер: