Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:59, 12 Қаңтар 2023

Заңның күші НӘНнің күшін жоя ала ма?

None
None

Қазақстанның Конституциялық соты бір топ депутаттың өтінішін қарап, «Тұңғыш президент – Елбасы» заңының күшін жойды.

Бұл туралы соттың ресми сайтында хабарланды.

Конституциялық сот: «2022 жылғы 5 маусымда Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы ретінде өз билігін тікелей республикалық референдум арқылы жүзеге асыра отырып, тұңғыш президент – елбасының мәртебесі мен өкілеттігін, оларды Конституциялық заңмен регламенттеу мүмкіндігін, Конституциялық кеңеске өмір бойы мүшелігін, сондай-ақ, оның арнаулы артықшылықтарын – мәртебесінің өзгермеуін, қатарынан екі реттен артық президент болып сайлану құқығын Конституциядан алып тастады», дейді.

Конституциялық сот Қаулының бірден күшіне енетінін, шағымдануға жатпайтынын мәлімдеді. Дегенмен кейбір тәуелсіз саясаттанушылар мен заңгер қуануға әлі ерте екенін, заңның 4-тармағы ғана алынғанын, қалғаны өз күшінде қалғанын алға тартып отыр.

Тегтер: