Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:10, 27 Маусым 2024

Заңсыз балық аулаудан мемлекетке 2,5 млрд теңге залал келтірілген

ҰҚК
Фото: Ortkom

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Шекараны күзету департаментінің консультанты Сабыр Хасанов ОКҚ алаңында 297 шақырымға жуық заңсыз балық аулау құралдары, негізінен аулар тәркіленгенін атап өтті.

Табиғи мекендеу ортасына 1 142 бекіре тұқымдас балық, 64 Каспий итбалығы шығарылды. 7,5 млн теңгеге жуық сомаға әкімшілік айыппұл салынып, мемлекетке келтірілген залал шамамен 2,5 млрд теңгені құрады.

«Табиғатты қорғау органдары Каспий теңізінің қазақстандық секторында ұлттық және экономикалық мүдделерді қорғау бірлескен қызметін күнделікті режимде жалғастыруда. Негізгі іс-шаралар теңіз кеңістігіндегі Шекара қызметі барысында жүзеге асырылады: аумақтық теңіздегі, ортақ су кеңістігіндегі режимдерді бақылау. Шекара қызметі жануарлар дүниесінің өсімін молайту мақсатында қажетті шараларды қабылдайды», - деп түйіндеді спикер.

«Бекіре-2024» кең ауқымды балық қорғау акциясы барысында 1 сәуірден 31 мамырға дейін Атырау және Маңғыстау облыстары ҰҚК ШҚ департаменттерінің шекаралық кемелері, қайықтары және жағалау бөлімшелерімен балық аулаудың белгіленген режимдері мен ережелерін бұзған 69 шағын көлемді жүзу құралы және 166 адам ұсталған.

Тегтер: