Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:25, 26 Қаңтар 2022

Зейнеткерлердің зейнетақысы бес жыл бойы ұрланып келген

None
None

Қарағанды облысындағы Абай қаласындағы 1- ші қарттар үйіндегі қариялардың зейнетақысы бес жыл бойы ұрланып келген.

Қарттар мүгедектердің зейнетақысы мен жәрдемақысын қарттар үйінің басшысымен әлеуметтік мамандары және " Қазпошта " АҚ  жергілікті филиалының бір бөлімшесінің бастығы ақшаны қымқырып келген екен.

Олардың бұл қылмысын  Қаржылық мониторинг агенттінің  департаменті әшкерелеген. Жемқорлар ақшаны өздері банкоматтан алған соң Абайда бір пәтерде ақшаны бөліп алып жатқан кезде қолға түскен. Олар қаңтар айына қарттарға тиесілі 1млн 300 мыңды ұстап отырған екен. Бұл олардың ай сайынғы қитұрқы әрекеті болған. Департаменттің мәліметінше қарттар үйінің мамандары мен басшысы  бес жыл бойы " Қазпошта " филиалының бөлім бастығымен келісіп, қарамағындағы қариялар мен мүгедектердің ақшасын қалталарына басып отырған. Қарттар үйінде 90 адам болған, оның отызы мүгедектер. Ұрланған қаражат соның ішінде  25 адамға  тиесілі екен. 

Тегтер: