Зеленский: Ресейдің пилотсыз ұшағы Чернобыль АЭС-ін бомбалады

Ресейлік пилотсыз ұшақ 1986 жылы сәуірде жаһандық атом энергетикасы тарихындағы ең ірі апат болған Чернобыль АЭС-інің 4-энергоблогының үстіндегі қорғаныс күмбезі деп аталатын саркофагына соққы берген.
Украина президенті Владимир Зеленский шабуыл туралы хабарлады. Оның айтуынша, саркофаг зақымданған.
Кейінгі мәліметтерге қарағанда өрт шығып, бірақ дер кезінде сөндірілген. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
«Радиация қаупі жоқ, АЭС тұрақты бақылауымызда», - деді Зеленский. Оның айтуынша, Ресей Украинаның қалалары мен инфрақұрылымдарына жасалған соққылар үшін жауап беруі керек.
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің өкілдері өртті растап, сонымен қатар радиацияның шығуы тіркелмегенін хабарлады.
Айта кетейік, Украинада бес атом электр станциясы жұмыс істейді. Ресейдің Украинаға әскери шабуылы басталғалы атом энергетикасы нысандарына бірнеше рет шабуыл жасалды. МАГАТЭ мен халықаралық қауымдастық радиацияның шығуына алаңдаулы.