Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:30, 30 Шілде 2020

Зерттеу: Huawei смартфон сату бойынша Samsung-ты басып озды

None
None

Қытайлық телекоммуникация алыбы Huawei компаниясы екінші тоқсанның қорытындысы бойынша смартфон сату жөнінен Samsung-ты басып озып, әлемдегі N1 телефон сатушысына айналған.

Canalys компаниясының зерттеуінде осындай мәлімет айтылады.

Зерттеу компаниясының мәліметінше, АҚШ санкциясына ұшырап, шетелде өнім сатуды азайтқан Huawei соған қарамастан соңғы үш айда 55,8 млн құрылғы сатқан. Оның негізгі бәсекелесі оңтүстіккореялық Samsung 53.7 млн телефон сатқан.

Зерттеу компаниясының айтуынша, Huawei өнімдерінің 70 пайызынан астамы Қытайда сатылған, ал онда Samsung өнімдерінің үлесі өте аз. Huawei ішкі нарық есебінен әлемде алда тұр.

Canalys-тің жазуынша, осылайша Huawei тоғыз жыл ішінде алғаш рет үш айдың қорытындысы бойынша Samsung пен Apple-дан озған. Зерттеу авторларының жазуынша, Huawei Пекин мен Вашингтон арасындағы геосаяси текетірестегі негізгі мәселеге айналған және АҚШ санкциясы Қытайдан тыс аумақта Huawei бизнесін "тұншықтырған".

Зерттеудегі мәлімет бойынша, компанияны кибершабуыл қаупін төндірді деп айыптаған Вашингтон оны АҚШ нарығынан да бірте-бірте ығыстыра бастаған. Бұл телефон ғана емес, телекоммуникация желілері құрылғыларын сату бойынша да әлемдегі ірі өндірушілердің бірі Huawei-дің "ғаламдық оқшаулануына" да әсер етуі мүмкін.

АҚШ тарабынан қысым ұлғайған шақта Ұлыбритания да осы айдың басында Huawei-ді байланыстың бесінші буынын (5G) құру ісінен шеттеткен. Пекин бұған жауап беретінін ескерткен.

Бұған дейін Вашингтон бұл компания Қытай билігінің мүддесіне жасырын тыңшылық жасаумен айналысады деп күдіктенген еді. 2018 жылы америкалық барлау қызметі Huawei корпорациясы Қытай үкіметімен байланыста деген күдік айтқан. Вашингтон бұл компания америкалықтардың интеллектуалдық меншігін ұрлаумен айналысады деп санайды. Huawei бұл айыптаулардың бәрін жоққа шығарады.

Тегтер: