Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:15, 21 Шілде 2023

Жалған ақпараттарды қалай анықтай аламыз?

None
None

Қазіргі әлемде жалған ақпарат таратудың негізгі әдістері цифрлық байланыс дәуірінде өзекті болып отыр.

Осыған сәйкес, Біріккен Ұлттар Ұйымы жалған ақпарат таратудың алдын алу мақсатында заң жүзінде арнайы жаза қарастырған болатын.

БҰҰ Бас ассамблеясы былтырғы жылдан бастап жалған ақпараттың таралуына алаңдаушылық танытып, оны таратудың бүгінгі күні бірнеше негізгі әдіс-тәсілдері бар екенін көрсеткен еді. Осы әдістерді анықтау арқылы фейк ақпараттарды сараптап, тексеруге қатысты арнайы бағдарламалар шықты. Ал ол бағдарламаларды көбіне егде жастағы кісілердің қолдана алмасы анық. Осы орайда, мамандар ақпараттың рас-өтірігін анықтауға қатысты мынадай кеңестерін береді. Мамандардың кеңесінше, егер ақпаратта нақты сандар, оқиға желісі, адам есімдері, мерзімі жұтаң, яғни нақты факт көрсетілмесе, онда бұл ақпаратты ойдан шығарылған деп есептеуге болады.  Сондай-ақ жалған ақпараттарда нақты фактілерден гөрі эмоцияға толы сөйлемдер басым болатындығын айтады.

Ал фейк ақпараттарды анықтауға қатысты елімізде Factcheck.kz сынды жобалар көптеп құрылып жатыр. Жуырда елімізде Сүлеймен Демирель университетінде Әсел Балтабекованың бастамасымен «Qorgan media» жобасы құрылды. Аталмыш жоба еліміздегі жаңалықтар мен қатар қазір қызып тұрған жаңалықтардың бірі Ресей мен Украина арасындағы гибридті соғысқа қатысты фейк ақпараттарды анықтап, сүзгіден өткізіп отырады.

«Qorgan media» жобасының анықтауы бойынша, ақпараттық шабуылдар мен гибридтік соғысқа қатысты жалған ақпараттарды таратуда Украина боттар мен терең фейктерді анықтап, 100 мыңнан аса әлеуметтік медиа аккаунттарын жапқан көрінеді. Оның ішінде ең көп фейк ақпарат таратушы әлеуметтік желіге twitter желісі кірген. Тwitter желісінде 310 жеке аккаунт жойылса, YouTube желісінде ірі зорлық-зомбылық оқиғаларын қолдайтын мазмұнды жариялауға қатысты 70 мың жеке аккаунт, TikTok желісінде дәл осы сарында жарияланған 41, 191 мың парақша жойылған. Ал Вконтакте, Телеграмм, Яндекс қолданбаларын пайдалануға толығымен тыйым салынған.

Міне, гидридтік соғыстан қандай сабақ алуға болады десек, саясаткер Тоғжан Қожалы: «Біз бұдан қазір көп сабақ алуға тиіспіз. Себебі гибридтік соғыстың құралы ретінде Тикток, телеграм, фейсбук, инстаграмм, YouTube әлеуметтік желілері мен медианы қолдануға болады. Мәселен, Ресейдің медиасында Украинаға қарсы агрессияны дезинформация арқылы қолданылғанын байқаймыз. Әрі әскери соғыс нәтиже бермегендіктен, дезинформацияның таралуы арқылы шабуыл жасау күшейді. Ондағы негізгі мақсат – халық арасында дүрбелеңді алдын ала шулату саналады. Мұндай қателіктер болмауы үшін біз де БАҚ жұмысын күшейту қажет» деп санайды.

Саясаткер айтқандай, қазіргі кезде ақпарат айдынында жалған ақпарлардың алдын алуға қатысты жұмыстар басталып кетті. Мәселен, ел арасындағы дүрбелең туғызатын, не адам өміріне қауіп төндіретін ақпарат таратушылар мен блогерлерге ҚР заңнамасында айыппұл төлеу секілді арнайы қылмыстық жазалар қарастырылды.

Тегтер: