Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:12

Жалғас Жұмағұловтың титулдық жекпе-жегі сенсациямен аяқталды

Жалғас Жұмағұлов
Фото: sports.kz

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (18-9) «еуропалық UFC» атанып кеткен Oktagon MMA лигасында чемпиондық жекпе-жек өткізді.

 Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Жалғас Oktagon 81 турнирінде (Прага, Чехия) жергілікті файтер Давид Дворжакпен (22-6) кездесті. Бұл жекпе-жекте Жұмағұлов аса жеңіл салмақтағы чемпиондық белдігін қорғады. Чемпион мәртебесіне қарамастан, букмекерлер мен сарапшылар фаворит ретінде Дворжакты атаған.

Алайда жекпе-жек күтпеген нәтижемен аяқталды. Жалғас Жұмағұлов сенсация жасап, мерзімінен бұрын жеңіске жетті — қарсыласы төртінші раундқа шықпады.

Осылайша, Жұмағұлов кәсіби мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізіп, Oktagon лигасының чемпионы атағын сәтті қорғады. Ал Давид Дворжак үшін бұл ММА-дегі жетінші жеңіліс болды.

Бұған дейін Жалғас Жұмағұлов UFC-ге қайта оралу жоспары бар екенін айтқан еді.