Жалпықалалық дезинфекциялау шаралары жүріп жатыр

Шымкентте қалаәкімі М.Әйтеновтың тапсырмасына сәйкес, жалпықалалық ауқымды дезинфекциялаужұмыстары жүргізілуде.
Аталған жұмыстарға барлығы 94 арнайы техникажұмылдырылып, 170 су бүріккіш жабдық, 5 тонна хлор ерітіндісі, 600 литр сіркеқышқылы әзірленіп, пайдаланылуда.
Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментітарапынан 27 дана техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, орталық көшелерді арнайымамандандырылған мекемелер техникалармен, ал демалыс орындары, көпқабатты тұрғынүйлердің ауласы, ойын алаңшалары, ішкіорамдық көшелерді әскери қызметшілер менсервистік мекеме жұмысшылары су бүріккіш жабдықтармен залалсыздандыруда.Аталған іс-шарда жалпы 2 000 астам көше, 1147 аялдама, 45 көпшілік демалысорындары (саябақ, гүлзарлар) және 2171 көп қабатты үй аулалары толығыменқамтылады. Қала аумағындағы барлық кәсіпкерлік нысандарды дезинфекциялау нысаниелерімен келісім негізінде атқарылады.