Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:48

Жамбылда сарбаздың соққыға жығылуына байланысты төрт басшы қызметінен босатылды

Сарбаз
Фото: ашық дереккөз

Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімде болған оқиғаға байланысты кадрлық шешімдер қабылданды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметшінің дене жарақатын алу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті тергеу амалдарының толық кешені жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беру мақсатында қызметтік тексеріс өткізілген.

Қағидатты кадрлық шешім қабылданып, басшылық құрамдағы төрт адам қызметінен босатылды. Атап айтқанда, әскери бөлім командирі, оның тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, батальон командирі мен рота командирі лауазымдарынан шеттетілді.

Әскери бөлім командирінің орынбасары – штаб бастығына, батальон командирінің орынбасарына және оның тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарына толық емес қызметтік сәйкестік туралы ескерту жарияланды. Бірқатар офицерлер мен сержанттарға қатаң тәртіптік жаза қолданылды.

Тегтер: