Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:54, 18 Сәуір 2019

Жамбылдық спортшылар бір жылды 1547 медалға қол жеткізді

2018жылы Жамбылоблысының облыс спортшылары жалпы 1547медальға қол жеткізді.

Оныңішінде: Әлем, Азия чемпионаттары мен Кубогы жолындағы халықаралық жарыстарда596 медальға (225 алтын, 177 күміс және 194 қола), Қазақстан Республикасычемпионаттары мен Кубоктарында 951 медальға (335 алтын, 250 күміс және 366қола) ие болды.

Соныменқатар, 17 спортшы халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 105 спортшы «ҚР спортшебері» және 1 жаттықтырушы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңіргенжаттықтырушысы» жоғары атағына ие болды.

Бүгінгітаңда Жамбыл облысынан – 893 спортшы (ересектер-280, жастар-215,жасөспірімдер-398) спорт түрлерінен Қазақстан Ұлттық Құрама командасыныңмүшелері.

2018 жылдың мынандай ірі жетістіктерге қолжеткізілді:

АшировМейіржан – еркін күрестен Бішкек қаласында өткен Азия чемпионатының қолажүлдегері.

КарчаеваАйда – дзюдодан Ливанда өткен Азия чемпионатының жеңімпазы.

ЖексенБейбарыс — бокстан жастар арасында Тайланд Бангкок қаласында өткен Азиячемпионатының қола жүлдегері.

АбдраимоваЖансая — бокстан жастар арасында Тайланд Бангкок қаласында өткен Азиячемпионатының жеңімпазы.

ҚошқаровДінмұхамад – грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында Ташкент қаласында өткенАзия чемпионатының жеңімпазы.

ГафуровЮнус – еркін күрестен жасөспірімдер арасында Ташкент қаласында өткен Азиячемпионатының күміс жүлдегері.

Түркиямемлекетінің Стамбул қаласында өткен карате-до-шотоконнан жасөспірімдерарасында Әлем чемпионатында- Айнабекова Ақбала, Мұхамеджан Айша, Бижанов Дамиржәне Сейдалиева Асел чемпион атанды.

МанғолияныңҰлан-батыр қаласында өткен ITF таеквондодан өткен Азия чемпионатынан –А.Абдрахманова, Т.Абдрахманов, Н.Мәлім чемпион атанды.

АрмрестлингтенАҚШ мемлекетінде өткен Әлем кубігінде Е.Ляхова, А.Лисанская, М.Жүсіпов,В.Фараджов және абсолютті салмақ дәрежесінде Д.Трубин Әлем Кубогының иегерлеріатанды.

2018жылдың 20–27 тамыз аралығында «Әулие-Ата» жастар құрама командасы Петропавлқаласында өткен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында Іорынды жеңіп алды.

2018жылдың 29 қараша – 3 желтоқсан аралығында Алматы облысында өткен ҚұсбегіліктенІІ ашық Азия чемпионатында Бабажан Берікболсын І-орын Қаршыға «Қаңжар», ҮсенАйбар ІІІ-орын Ителгі «Қаракөз».

2018жылдың басты оқиғасы Индонезияның Джакарта мен Палембанг қалаларында өткенXVІІІ – жазғы Азия ойындарына спорт түрлері бойынша Ұлттық құрама командасысапында Жамбыл облысынан 26 спортшы қатысып, 22 медаль (2 алтын, 16 күміс, 4қола) иеленді.

Бұлнәтиже еліміздің өңірлері арасында Алматы қаласы мен Түркістан облысынан кейінгі 3 көрсеткіш болып отыр.

Соның ішінде облыс спортшыларыныңнәтижелері төмендегідей:

Каратэ-додан68 кг салмақ дәрежесінде Гузалия Гафурова жеңімпаз атанды.

Судобынан ҚР Ұлттық құрама командасының сапында Әлтаев Алтай қатысып, І орыниеленді.

БокстанАсыланбек Шымбергенов (69 кг) пен Әбілхан Аманқұл (75 кг) күміс жүлдегератанды.

Судобынан Қазақстан әйелдер құрама командасы («Айша бибі» су добы клубы) – күмісжүлдеге ие болды.

Жеңілатлетикадан (эстафеталық жүгіру (4х100, 4х400) Голендова Светлана 2 қоламедальға, таеквондодан +80 кг салмақ дәрежесінде Руслан Жапаров, жүзуден(4х100) Әділ Қасқабай қола жүлдегер атанды.

Соныменқатар, пара Азия ойындарында Зульфия Габидуллина 1 алтын, 2 күміс және 1 қоламедаль иеленді.

Анталия(Түркия) қаласында өткен армрестлингтен ересектер, жастар және жасөспірімдерарасында Әлем чемпионатында ҚР Ұлттық құрама командасының сапында жамбылдықспортшылар 18 медаль (8 алтын, 6 күміс, 4 қола) иеленіп, жалпы командалықесепте Қазақстан құрама командасы І орын иеленді.

Сокхчо(Оңт. Корея) қаласында өткен жамбы атудан Әлем чемпионатында Жамбыл облысыныңспортшылары Елдос Бадашев пен Абзал Тулыбеков командалық бәсекеде Әлемчемпиондары атанды.

Касабланка(Марокко) қаласында өткен самбо күресінен шеберлер арасындағы Әлемчемпионатында жамбылдық Алмас Мұсабеков пен Нұржан Қазбеков Әлем чемпионыатанды.

Енді 2019 жылдыңІ тоқсанындағы жетістіктер:

2019жылдың 18-23 наурыз аралығында Лас-Вегас (АҚШ) қаласында өткен спорттықакробатикадан Әлем Кубогында Анел Нұржанова мен Юлия Просветова қола жүлдегератанды.

2019жылдың 18-23 наурыз аралығында Улан-Батор (Моңғолия) қаласында өткен грек-римкүресінен 23 жасқа дейінгі ересектер арасындағы Азия чемпионатында ҚордабайМейірбек қола жүлдегер атанды.

2019жылдың 05-07 сәуір аралығында Анталия (Түркия) қаласында өткен дзюдодан ӘлемдікГран-при турнирінде Елдос Сметов жеңімпаз атанды.

Соныменқатар, жыл басынан бері спорт түрлерінен өткен Қазақстан Республикасыныңчемпионаттарында облыс спортшылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Соныңішінде Талдықорған қаласында өткен еркін күрестен жасөспірімдер арасындағыҚазақстан Республикасының чемпионатында 3 алтын, 2 қола медаль иеленіп,командалық І орын иеленді.

2019жылдың 07-11 ақпан аралығында Тараз қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасындаөткен Қазақстан Республикасының чемпионатында 10 (6 алтын, 2 күміс, 2 қола)медальмен командалық І орын иеленді.

2019жылдың 14-22 наурыз аралығында Қызылорда облысы Жаңақорған кентінде өткенкөкпардан жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында «Әулие-Ата»жастар командасы І орын иеленді.

Сондайақ, кикбоксингтен ересектер арасындағы ҚР чемпионатында 15 (7 алтын, 4 күміс, 4қола) медалмен, каратэден жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатында 18 (7алтын, 6 күміс, 5 қола) медалмен және армрестлингтен жастар мен жасөспірімдерарасында өткен ҚР чемпионатында 32 (17 алтын, 8 күміс, 7 қола) медалмен жалпыкомандалық есепте 1 орын иеленді.

Волейболдан«Тараз» кәсіпқой воллейбол клубының әйелдер құрама командасы Жоғарғы лигакомандалары арасында ҚР чемпионы атанды.

Ендігікезекте волейболшылар 2019-2020 жылғы Ұлттық лига командалары арасындағы ҚРчемпионатында өнер көрсететін болады.

Фото: saigez.kz

Тегтер: