Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:47

Жаңа Конституция бойынша референдумда сағат 10:00-ге дейін екі миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

сайлау депутат
Фото: из открытых источников

Қазақстанда жаңа Конституция жобасын қабылдау жөніндегі референдумда сағат 10:00-дегі жағдай бойынша дауыс бергендердің алдын ала көрсеткіші 19,21%-ды құрады.

Бұл туралы Орталық референдум комиссиясы мәлімдеді.

Орталық референдум комиссиясының мүшесі Ләззат Сүйіндік брифингте сағат 10:00-дегі мәлімет бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 19,21%-ы, яғни 2 393 844 қазақстандық бюллетень алғанын айтты.

Жалпы республика бойынша дауыс беруге 12 461 796 азамат қатыса алады.

Сағат 10:00-дегі өңірлер бойынша қатысу көрсеткіші:

1. Абай облысы — 17,98%

2. Ақмола облысы — 19,82%

3. Ақтөбе облысы — 21,80%

4. Алматы облысы — 18,10%

5. Атырау облысы — 19,44%

6. Батыс Қазақстан облысы — 18,80%

7. Жамбыл облысы — 18,49%

8. Жетісу облысы — 21,01%

9. Қарағанды облысы — 26,64%

10. Қостанай облысы — 19,24%

11. Қызылорда облысы — 24,02%

12. Маңғыстау облысы — 18,53%

13. Павлодар облысы — 16,36%

14. Солтүстік Қазақстан облысы — 18,72%

15. Түркістан облысы — 21,21%

16. Ұлытау облысы — 20,31%

17. Шығыс Қазақстан облысы — 20,64%

18. Астана қаласы — 20,68%

19. Алматы қаласы — 9,54%

20. Шымкент қаласы — 21,36%

Комиссия азаматтардың дауыс беру белсенділігі туралы келесі мәліметті сағат 12:00-де жариялайтынын хабарлады.

Айта кетейік, Астана уақытымен сағат 07:00-де Қазақстандағы барлық референдум учаскелері жұмысын бастады.

Республика бойынша 10 388 дауыс беру учаскесі ашылған. Сонымен қатар шетелдегі қазақстандықтар үшін 54 елде 71 учаске ұйымдастырылған.

Референдум бюллетенінде бір ғана сұрақ қойылған:

«2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасын қабылдайсыз ба?»

Референдум барысын 359 халықаралық бақылаушы қадағалап отыр. Ал дауыс беру процесін жариялау үшін 31 елден келген 185 шетелдік журналист аккредиттелген.