10:48, 17 Сәуір 2023
Жаңаөзенде жарылыстан баспанасыз қалған тұрғындарға жаңа пәтер беріледі
Жаңаөзендегі төтенше жағдай салдарынан баспанасыз қалған тұрғындарға жаңа пәтер беріледі.
Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.
«Жаңаөзен қаласындағы төтенше жағдай салдарынан қайтыс болған тұрғынның отбасына, туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз және зардап шеккен жандардың тезірек сауығып кетуін тілейміз.
Тұрғын үйсіз қалған отбасыларға жаңа пәтер беріледі, зардап шеккендерге орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, барлық қажетті көмек көрсетіледі», — делінген компания хабарламасында.