Бүгін, 10:10
Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық титулдарын жоғалтуы мүмкін
Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF чемпиондық белдіктерінен айырылуы мүмкін.
Егер Әлімханұлы тыйым салынған мельдонийдің ағзасына кездейсоқ түскенін дәлелдейтін сенімді құжаттарды ұсынбаса, ол аталмыш титулдарынан айрылуы ықтимал.
2 желтоқсанда Әлімханұлының сынамасында мельдоний анықталды. Допинг-тест оң нәтиже көрсетіп, 6 желтоқсанда АҚШ-та WBA әлем чемпионы Эрисланди Ларамен жоспарланған кездесуі тоқтатылды, ал WBO ішкі тергеу жүргізуді бастады.
Еске салайық, Әлімханұлы WBO белдігін 2022 жылдан бері ұстап келеді және 2023 жылғы қазанда IBF чемпиондығын жеңіп алған. Сол кезде ол жеңілмеген Винченцо Гуальтьериді нокаутпен жеңген болатын.