Бүгін, 10:43
Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына ілікті
WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлының VADA тексерісі кезінде оның талдауынан мельдоний анықталғаны туралы мәлімет тарады.
Бұл ақпараттан кейін Жәнібек Әлімханұлы өзі ресми пікір білдірді:
«Мен әрқашан таза спортты қолдаймын. Мұны жақсы білесіздер. Мен таза спортты насихаттап жүргенімді де білесіздер. Жаңалықты оқып, таңғалып отырмын. VADA бірінші рет анализ алып, бәрі таза деп еді. Мен витаминдеріме де, тамағыма да ешқандай өзгеріс енгізбедім. Екінші рет тестте неге мұндай болғанын түсінбей отырмын, біз қайта анализ тапсыруға өтініш айттық. Жауабын күтіп отырмыз», - деп жазды боксшы.
Осыған байланысты 7 желтоқсанда АҚШ-та өтуі тиіс болған WBA чемпионы Эрисланди Ларамен жекпе-жек кейінге қалуы мүмкін.