Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:15

Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг дауы: WBO шешім қабылдады

Әлімханұлы
Фото: из открытых источников

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) 2026 жылғы қаңтар айына арналған жаңартылған рейтингін жариялады.

Қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы өз орнын сақтап қалды.

WBO ұсынған тізімге сәйкес, орта салмақта өнер көрсететін, WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы көшбасшы орнынан айырылған жоқ және чемпиондық позициясында қала берді.

Ал Халықаралық бокс федерациясы (IBF) рейтингтерін әзірге 2025 жылғы желтоқсаннан бері жаңартпаған. Дегенмен қолданыстағы деректер бойынша, Әлімханұлы IBF нұсқасы бойынша да әлем чемпионы мәртебесін сақтап отыр.

Еске салайық, желтоқсан айында WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы, кубалық Эрисланди Ларамен өтуі тиіс жекпе-жек алдында Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына іліккен еді.

Допинг сынамасын тапсыру барысында оның қанынан мельдоний анықталған. Бұл препарат 2016 жылдан бері допингке қарсы агенттіктер тізімінде тыйым салынған заттар қатарына кіреді. Осыған байланысты үшінші чемпиондық белбеу үшін жоспарланған жекпе-жек кейінге қалдырылған.

Жәнібек Әлімханұлының командасы мен Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясы допинг-бақылаумен айналысатын VADA ұйымынан екінші сынаманы ашып, қайта тексеруді сұраған. Қайта жасалған талдау да тыйым салынған заттың бар екенін растады.