Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:49

Жәнібек Әлімханұлынан допинг қалай табылды?

Әлімханұлы
Фото: из открытых источников

Қазақстандық орта салмақтағы WBO/IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлының денесінде тыйым салынған препараттың табылуы туралы мәліметті оның менеджері Эгис Климас жариялады.

 Климастың айтуынша, 2025 жылдың 7 мамырында Әлімханұлы қатты бас ауруы, жүрек айну, бас айналу және құсу сияқты шағымдарымен клиникаға жүгінген.

Емдеу барысында спортшыға рипронат препараты тағайындалған, оның құрамында мельдоний бар. Менеджердің сөзінше, препарат Әлімханұлының ағзасына «шұғыл жағдайға байланысты» тамырдан енгізілген және ол сол кезде заңды қолданылған. Яғни, мельдоний ағзада 9 айға дейін қалуы мүмкін. 

Климастың айтуынша, дәрігерлер боксшыны Қазақстанда заңды түрде сатылатын препараттармен толық емдеген.