Жәнібек анасын іздейді : Арқалықта қылмыстық іс қозғалды
Бұл туралы журналист Қымбат Досжан мәлімдеді, деп жазды Zhasalash.kz.
- Достар, Астанадан Арқалыққа жолға шықтық. Бұл сапардың басты мақсаты – қылмыстық іс қозғалды. Қазір он шақты әйелге күдік түсіп тұр. Мен Жәнібектің заңды өкілі ретінде қылмыстық іс аяқталмайынша, барлық мәліметті жариялауға құқылы емеспін. Тиісті құжаттарға қол қойдық, – дейді журналист.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін Белгиядан Қазақстанға туған анасын іздеп, көмек сұрап келген Жәнібек есімді жас жігіттің видеосы әлеуметтік желіде тараған еді. Белгілі болғандай, Жәнібек 2002 жылы 17 қаңтарда Арқалықта туған. Оны 2004 жылы сол қаладағы балалар үйінен қазіргі бельгиялық отбасы, яғни жалғызбасты анасы асырап алуға алып кеткен. Бүгінге дейін анасы болуы мүмкін бірнеше әйелден ДНҚ сараптамасы жүргізілген болатын. Алайда, әлі нақ анасы табылмады.