Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:42, 06 Қыркүйек 2023

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионымен кездесетін бокс кешінің билет бағасы белгілі болды

None
None

Басты жекпе-жегінде орта салмақтағы WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 10 КО) мен IBF чемпионы Винченцо Гуальтьери (21-0-1, 7 КО) жұдырықтасатын бокс кешінің билет бағасы белгілі болды.

Бокс кеші 14 қазанда Хьюстон қаласы (Техас штаты) маңындағы Розенбергте орналасқан Fort Bend Epicenter-де өтеді. 

Ең арзан билетті 35 доллардан сатып алуға болады, бұл 16 000 теңгеден сәл асады. Орташа баға санатындағы билеттер 50-75 долларға (23-35 мың теңге) сатылады. Трибуналардағы және рингке жақын маңдағы орындар 100-125 доллар (46 000-58 000 теңге) тұрады.

Жәнібек Әлімханұлы мен Винченцо Гуальтиери арасындағы жекпе-жек Қазақстан уақыты бойынша 15 қазан күні таңертең басталады. 

Тегтер: