06:13, 13 Шілде 2020
Жаппай дезинфекцияланып жатыр
Шымкентте базарлар мен сауда орындары, басқа да кәсіпкерлікнысандар жаппай залалсыздандырудан өтіп жатыр.
Қалалықәкімдіктің таратқан мәліметіне қарағанда, сенбі, жексенбі күндері залалсыздандыружұмыстары ауқымды атқарылуда. Әсіресе, адамдар көп шоғарланатын әлеуметтікорындарда санитарлық тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Бүгінгі күні Абайауданы аумағындағы базарлар мен ірі сауда орындары залалсыздандырылып,толығымен дәріленіп біткен.
Айта кетері,Шымкентте карантинге байланысты базарлар сенбі-жексенбі күндері жұмысістемейді. Басқа күндері сағат 13.00-ге дейін ғана қызмет етеді.