«Жас Алаш» жазды, Көктеректің мәселесі шешілді

Естеріңізде болса,біз бұдан бұрын «Жас Алаштың» сайтына Көктеректұрғындарының шошқаның иісіне көміліп отырғанын жазған болатынбыз.
Мәселені талдаубарысында бірден Көктерек ауылы қарамағына енетін Байсерке ауылдық округі әкімінің орынбасары Дәулетхан Жетеуовке хабарластық.
Мәселенің анық қанығын білген соң әкім орынбасары бізге:
«Бізаталған жерге барып келдік. Шынымен де сондай фактілер болған. Шошқаныңөлекселерін бүгін тазалап, көміп реттеп жатыр. Иесін тауып хабарластық. Иесініңаты-жөні Донар Виктор Павлович. Ол фермада 32 бас шошқа өсіреді. Солшошқалардың бір-екі өлексесін ферма жұмысшылары шынымен де қорғанның сыртынатастаған оқиға болыпты. Ферма иесінің өзі карантинге байланысты қаладан шығаалмай, фермаға келе алмай қалған. Осыдан барып жұмысшыларына тиісті бақылау жасайалмаған. Ферма иесінің айтуынша, қолында заңды құжаттары, жердің мемлекеттікактісі бар. Ертең ферманың иесі Көктерекке келеді. Оған өзінің міндеттемесіндұрыс атқармай отырғаны айтылды, соған сәйкес акт жасалады. Ферманың иесі ертеңшошқаларын ауылдан көшіріп әкететін болды»,- деген болатын.
Енді бүгін біз көктеректіктердің қолқасын жапқан шошқафермасының ауылдан көшірілгенін, шошқаның өлекселері арнайы полигонға апарыпкөмілгенінен хабардар болдық.
Бұл туралы бізге Байсерке ауылдық округі әкімінің орынбасарыДәулетхан Жетеуов хабарлады.
«Шошқа фермасын көшірттік. Барлығын жуып, тазалап, жағдайреттелді»,- деді әкім орынбасары.
Артынша «Жас Алашқа» шағым білдірген сол ауылдың тұрғыны Талғат Болатханұлына хабарласып, шошқа фермасының расымен де көшірілгенінекөзімізді жеткіздік.
Көктеректіктер мәселені нақты әрі жылдам шешіп берген «ЖасАлаш» ұжымына алғыс айтуда.