«Жас Алаштың» жазғаны жауапсыз қалмады
Жазылған жайдың жаңғырығы
Газетіміздің14 тамыздағы санында (№65) «Коронавирустан құтылармыз, қоқыстан қашанарыламыз?
» деген мақала жарық көрген болатын. Материал жарияланған күнніңертеңінде бізге Қарағанды қалалық әкімдігінің жауапты қызметкері қоңырау соғып, жазылған жайтқа байланысты қала әкімі қандай шешім қабылдағанын жеткізді.
Қарағандықаласы әкімі аппаратының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты үйлестіру бөлімініңбасшысы Дәулет Махановтың айтуынша, қала әкімінің нұсқауына сәйкес, міндетінежауапсыз қараған «ГорКомТранс» ЖШС директоры Виктор Ивановтан және диспетчерлердентүсініктеме алыныпты. Серіктестік басшысының жазбаша мәлімдеуінше, пандемиякезінде қарамағындағы жұмысшылардың дені жұқпалы індетке шалдыққан. Осынау қиынуақытта шаруалары қожырап қалыпты. Соғанқарамастан, келеңсіздікке жол берген жекеменшік мекеменің директорына әкімқатаң ескерту жариялады.
– Қала басшысы барлық аудан әкімдеріне аула тазалығынқадағалайтын мобильді жұмыс тобын жасақтау туралы хат жолдады. Аталмыш құжатқасәйкес, әкімдіктегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты үйлестіру бөлімініңқызметкерлері апта сайын аула тазалығынқадағалап, қоқыс шығарумен айналысатын мекемелерге акт жасап, кесте құрып отырады.Бұл міндет жылдық жұмыс жоспарына енгізілді, – дейді Дәулет Маханов.
Қарағанды әкімдігініңгазет көтерген мәселені жауапсыз қалдырмағаны құптарлық іс. Өз тарапымыздан бізде жағдайды бақылауда ұстаймыз.
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ
Қарағанды қаласы