21:38, 05 Ақпан 2019
Жас бишілер олжалы оралды

Мәскеуде өткен халықаралық би байқауында алматылық балалардың би тобы бас жүлдені жеңіп алды.
Ұлттық би сайысына ТМД елдерінің балалары мен жастары қатысқан. «Бахар» ансамблі байқауға «Жігіттер» және «Лезгинка» биімен сахнаға шықты.Әділқазылар би тобының ерекшелігі оның көпұлттылығында екенін айрықша атап өтті. Жеті мен 16 жас аралығындағы өнерпаздардан тұратын қазақстандық ансамбль бас жүлдемен марапатталды.«Байқаудың деңгейі өте жоғары. ТМД елдерінен келген барлық би топтары ерекше шеберлік көрсетті. Бәсекелестік те өте жоғары болды. Осындай сайыста бас жүлдені жеңіп алғанымызға қуаныштымыз», – дейді би тобының мүшелері.Байқауға қатысуға барлығы 1000-ға жуық өтініш түскен. Іріктеу кезеңінен өткен би топтары ақтық сынға жолдама алған. Фото: assembly.kz