Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:15, 19 Тамыз 2025

Жастарды қолдау – ел өркендеуіне инвестиция

жастар саясаты
Фото: из открытых источников

Қазақстан жастары – елмен бірге, Тәуелсіздікпен бірге өскен ұрпақ. Осы жылдар ішінде өнімді, табанды еңбегімен, бейбітшілік пен келісімде, өздеріне және еліне сеніммен, балаларының кемел келешегін армандаған қазақстандықтардың аға буыны тәуелсіз, қарқынды дамып келе жатқан, бәсекеге қабілетті және әлемде беделді мемлекет құру жолында тер төгіп келеді.

 Ол қазақстандық жас жігіттер мен қыздардың әлемнің кез келген жерінде үздіктердің қатарында болуы үшін берік негіз жасады.

Бүгінде еліміз әлеуметтік жаңғырту, жеделдетілген инновациялық индустрияландыру және өзара тиімді экономикалық интеграцияның жаңа ауқымды міндеттерін қойып отыр. Қазақстан ХХІ ғасырдың үшінші онжылдығында әлемнің дамыған елдерінің қатарына енуді көздейді.

Мұндай миссияны тек отансүйгіш, білімді, кәсіпқой, физикалық және моральдық жағынан дені сау, бәсекеге қабілетті, әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі жоғары жастар ғана орындай алады. Әрине, бұған дейін де осыған ұқсас идеялар жиі айтылды. Бірақ нәтижесі айтарлықтай болмады. Көбісі ұран, айғай күйінде, сөз жүзінде қалды. Енді нақты іске көшетін уақыт келді.

Осыған байланысты мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті – мемлекеттік жастар саясатын заманауи шындыққа бейімдеу, оның жастарды Қазақстанның ең маңызды бәсекеге қабілетті әлеуеті ретінде қалыптастыруға бағдарлау.

Жаңартылған мемлекеттік жастар саясаты жастардың табысты әлеуметтенуі мен тиімді өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдайлар мен мүмкіндіктер жасауға бағытталған мемлекеттік басымдықтар мен шаралар жүйесі ретінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге, ұлттық қауіпсіздік пен халықаралық беделді нығайтуға ықпал етуге тиіс.

Жастар мемлекеттің болашағы деп жиі айтамыз. Жастарды дамыту, олардың мәдени, рухани болмысын қалыптастыру үшін азды-көпті жұмыстар атқарылып жатқаны анық. Дегенмен алдағы уақытта өнімді тіпті де арттыра түсуіміз қажет.

Әнуар Қайырбек

Тегтер: