«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы бойынша өңірлерде жұмыстар атқарылуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы әзірленген-ді.
Жобаның негізгі мақсаты – еліміздегі экологиялық жағдайды жақсарту арқылы халықтың қолайлы өқмір сүру дағдысын қалыптастыру болып табылады.
Әу баста жоба құрылардан бұрын 4 бағыт бойынша қарастырылған болатын. Оның басты бағыты – «Таза Қазақстан» бағыты. Бұл бағыт бойынша еліміздің атмосфералық ауа сапасын жақсарту жұмыстары жүргізіледі әрі негізгі экологиялық мәселелер шешіледі. Екінші бағыт – «Үнемді Қазақстан» деп аталады. Яғни, мұнда табиғи ресурстарды тұрақты пайдалану бойынша үнемділік жасалынады. Үшінші бағыт – «Табиғат» бағыты. Аталмыш бағыт бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту бойынша биоалуандықты сақтау әрі дамтыу болып табыалыд. Ал соңғы «Экология болашағы» бағыты бойынша халықтың экологиялық жағдайлары мен білімі, табиғатты таза ұстаудағы мәдениетінің дамуы бойынша жұмыс жасалынады.
Ал энергия тиімді саясатын жүзеге асыру барысында өңірлердегі атқарылып жатқан жұмыстарға кеңірек тоқталсақ, Павлодар облысында экономикалық жағдай біршама өскен. олай деуіміздің себебі, мұнай-химия өнімдерінің 35 пайызы мен ферроқорытпалардың көп бөлігі Павлодар облысында. Аталмыш облыс сол қорытпалардың көбісін өңдеуден өткізу арқылы біршама алда келеді. Әрі өнімдерді өңдеу арқылы соңғы жылдары 3,9 миллиард көлемінде пайда әкелген.
Сондай-ақ Қазақстан электр энергиясы мен көмір отынынан да кемде емес. Себебі, электр энергиясы мен көмір отынының көп бөлігін Павлода облысы өндіруде. Нақты есеппен айтқанда, 40 пайызды құрайды.
Алдағы уақытта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысында өңдеу өнеркәсібінің экспорты 2025 жылға дейін бір жарым есеге дейін, ал еңбек өнімділігін 30 пайызға дейін арттыруды тапсырды.
Енді өзге де өңірлерге келсек, жуырда ғана Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Ильин Юрий Викторовичтің қасыуымен экология және табиғи ресурстарды пайдалану комитетінің кеңейтілген отырысы өткізілді. Онда еліміздегі төтенше жағдайларға байланысты бірқатар мәселелер қарастырылды. Соның ішінде Арал қаласы мен Сексеуіл кентіндегі халқы тығыз орналасқан елдімекендердегі мәселесін шешуді министрліктің жоспарына ілікті.
Ал Каспийдің жағдайына келсек, жуырда Мәскеуде «Каспийй аймағы жаһандық климаттық күн тәртібінде: қиындықтар, мүмкіндіктер, тәсілдер» атты онлайн-режимде сессия өтті. Жалпы кеңеске Каспий маңындағы мемлекеттер Ресей, Иран, Әзірбайжаннан арнайы өкілдер қатысқан болатын. Онда Каспий өңіріндегі климат жағдайларының өзгеруі мен қолайсыз жағдайлардың орын алуының салдары, Париж келісімінің ережелерін іске асыру, жаһандық энергияға қалай көшу керектігі мен Каспий маңы өңіріндегі сын-қатерлер мәселелері кеңінен талқыланды. Және айтылған мәселелер бойынша алдағы уақытта Қазақстан мемлекетінде шығып жатқан шығарындылар сауда жүйесінің енгізілуі мен Каспий өңіріндегі климаттың өзгеруіне осалдығын ескере отырып, онымен күрес жолдарының қабылданып жатқандығы айтылды.
Еліміздегі «Жасыл Қазақстан», энергия атқарылып жатқан жұмыстардың легі осындай. Алдағы уақытта да жобаға қатысты жұмыстардың ретімен таныстырамыз.