Live

Сәкен Мамаш ісінде үкім өзгермеді

Әйеліне күш қолданғаны үшін алты жылға бас бостандығынан айырылған бұрынғы дипломат Сәкен Мамаш сот үкімін қайта қарауды сұраған еді. Бірақ апелляциялық шағымы қабылданбады.

Сәкен Мамаш

Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы алғашқы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы оның қорғаушысы Данияр Әділов хабарлады.

Еске сала кетейік, 18 шілдеде Сәкен Мамашқа үкім шыққан болатын. Ол әйелін ұзақ жылдар бойы азаптады деген айыппен сотталып, 6 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Тегтер: сәкен мамаш
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз