Live

Алматы маңындағы шатқалда жоғалған жеті оқушы мен екі мұғалім табылды

Алматы облысында Қарасай ауданындағы Известковое шатқалында жоғалып кеткен тоғыз адамнан тұратын топ табылды.

1

 Олардың арасында жеті оқушы мен екі мұғалім болған, деп хабарлады ТЖМ.

Іздеу жұмыстарын жүргізу үшін жедел штаб құрылды. Операцияға Алматы облысы ТЖД қызметкерлері, «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағы, полиция, жедел жәрдем қызметі және еріктілер жұмылдырылған.

Таулы аумақты іздеу кезінде тепловизормен жабдықталған дрон мен тікұшақ пайдаланылды.

Таңертең жоғалған топ әуеден байқалған. Кейін құтқарушылар оларға жетіп, барлығын автотұраққа дейін алып келген.

Оқушылар ата-аналарына тапсырылды. Ешкімге медициналық көмек қажет болмаған.

Бұған дейін Алматы тауларындағы Аюсай шатқалында ата-анасымен серуендеу кезінде жоғалып кеткен 2015 жылы туған бала табылған еді. Оны іздеу жұмыстары бір тәуліктен астам уақытқа созылған.

Тегтер: Алматы
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз