Live

Ақтөбе облысындағы мейрамханада 188 адам уланып, кәсіп иесі рақымшылыққа ілікті

Ақтөбе облысында Қандыағаш қаласындағы мейрамханада болған жаппай улануға байланысты қылмыстық іс тоқтатылды.

суши

 Мекеме иесі мен басшысы рақымшылыққа іліккен.

Улану оқиғасы 18-20 маусым аралығында болған. Адамдар мейрамханаға той мен садақаға келгеннен кейін ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға түсе бастаған.

Зардап шеккендер құсу, іш өту, қалтырау және дене қызуының көтерілуіне шағымданған. 188 адам ауруханаға жатқызылды. Олардың арасында 14 жасқа толмаған 15 бала бар.

Балалар мен жүкті әйелдер Ақтөбедегі облыстық инфекциялық ауруханаға жеткізілген.

Тексеру кезінде не анықталды?

Санитариялық дәрігерлер тағам сынамаларынан ішек инфекциясын қоздыратын микроорганизмдерді, сондай-ақ патогенді және шартты-патогенді флораны анықтаған.

Тексеру барысында тағам дайындау және сақтау талаптарының бұзылғаны, қызметкерлердің жеке гигиена ережелерін сақтамағаны және кейбір жұмысшылардың медициналық тексеруден өтпей жұмыс істегені белгілі болды.

Осыдан кейін мейрамхана жабылып, жиналған материалдар құқық қорғау органдарына жолданған.

Қылмыстық іс рақымшылыққа байланысты тоқтатылды

Полиция санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтерді бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізген.

Ақтөбе облысының полиция департаментінің мәліметінше, мейрамхана басшылығы мен жеке кәсіпкер өз кінәсін мойындаған.

Алайда оларға қатысты қылмыстық іс рақымшылық актісінің қолданылуына байланысты тоқтатылды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз