Жедел жәрдем шақыртушылар азайып келеді

Шымкентқаласында 2020 жылғы 21 шілде күнгі мәлімет бойынша 4453 COVID-19 жағдайытіркелген.
Өткен тәулікте 43 вирус жұқтырғандар тіркеліп, өсім 1пайызды құрады. Жазылып шыққан науқастар саны — 2770. Яғни, 62 пайызы емделіпшыққан. Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтенов Премьер-Министрі Асқар Маминніңтөрағалығымен өткен Үкімет отырысында баяндады.
Селекторлық режимде өткен жиында әкім қаладағыэпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында инфекциялық және провизорлықстационарларда қысқа мерзімде қосымша 3 050 төсек орны ұйымдастырылып, орын саны 3 860- қа жеткізілген. Оның ішінде650 инфекциялық, 3 210 провизорлық төсек орын. Олардағы реанимациялық 30төсек-орын саны 151 орынға дейін ұлғайтылғанын атап өтті.
Бұдан бөлек, қала басшысы қаладағы ауруханаларға қосымша58 ИВЛ аппараты мен 250 «Бобров» тыныс алу аппараттары және 26 реанимациялықмониторлар алынған. Реанимациялық орынның 88,7 пайызы немесе 134 ИВЛ аппараттарыменқамтылған. Оттегімен қамтылған орын саны 861-ге немесе жалпы орынның 22,3пайызына жеткізілгенін айтты.
Мұрат Әйтенов тұмау мен өкпе қабыну белгілерімен жеделжәрдем шақырушылар саны 26,6 пайызға азайғанын, стационарларда ем алушылар саны31,5 пайызға төмендегенін, стационарлардағы төсек орынның жүктемесі 90,3 пайыздан 47,5 пайызға дейін кемігенінхабарлады.