Жедел жәрдемнің өзіне жедел көмек қажет

Науқастарға велосипедпен қатынаған дәрігерлерді Еуропаның ескіфильмдерінен көретін едік.
Бұл заманда оны да өз көзімізбен көрдік. Шиеліауданы Тартоғай ауылының дәрігерлері індетке шалдыққан науқастардың жағдайынбілуге велосипедпен барып жүр. Өйткені әбден ескірген жедел жәрдем көлігі біркүн жүрсе, бірнеше күн бұзылып тұрып қалады екен. «Жүрсе – көлікке, жүрмесе –өлікке» теңеген, тозығы жетіп, моторы шашылуға айналған «Уаз 39623» жедел медициналық көлігі індет ушыққанда жаяулағанақ халаттыларға қосымша салмақ болды. 2500-ге жуық халқы бар ауылды қосдоңғалақпен аралайтын дәрігерлердің бүгінгі жай-күйі дамыған мына заманда,шынымен де, сорақылықтың шегі еді.
– Бүкіл елді дендеген індет Тартоғай ауылында да өршіптұр. Велосипедпен кейде жаяу, кейде жеке машиналармен барып қызмет көрсетеміз.Ауданға, облысқа ауыр науқастарды жеткізу кезінде таксилерге жағдай айтқанкездеріміз де болды, – дейді Тартоғай дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігеріміндетін атқарушы Рахымжан Палымбетов.
Тартоғай ауылындағы жалғыз жедел жәрдем көлігінің қазірне тежегіші, не жарық шамдары жанбайды. Тіпті моторы да жиі бұзылып қалаберетін көрінеді. «Көлік бір күн жүрсе, бір апта тоқтап тұрады» деп, ауылтұрғындары да, айдап жүрген жүргізуші де растап отыр. Дамыған 50 елдің қатарынакірген Қазақстандағы жедел жәрдем көлігінің қазіргі күйі осындай. Ол аздай, сынсағатта көз ілмей, науқастарға көмек көрсетуге әзер уақыт тауып жүрген медицинақызметкерлерін әкімдік сенбілік жұмыстарына да жегіп қояды екен. Тіпті «Тартоғайдыңүстінен өтетін халықаралық трассаны тазалау да біздің мойнымызда» деп қынжыладыамбулатория қызметкерлері.
– Коронавируспен күн-түн демей күресіп жатырмыз. Соғанқарамастан, сенбі күні бізге әкімдіктен звондап, «субботникке шығындар» деді.Біз қанша шаршап тұрсақ та, ұялғаннан шығып, көше қоқыстарын тазалаймыз, –дейді Тартоғай дәрігерлік амбулаториясының лаборанты Шайкүл Қожантаева.
– Халыққа қызмет етпесе, біреудің әкеп отырғызып қойғанәкімі жұмыс істемесе, не керегі бар бұл шенеуніктің? – дейді ашынған ауыл тұрғыныҒалымжан Рахымшаев.
Ал ауыл әкімі жедел жәрдем көлігінің жиі бұзылатынынан, соныңкесірінен дәрігерлердің науқастарға амалсыз велосипедпен барып жүргеніненмүлдем бейхабар сияқты.
– Ауыстырған көлік қазір жақсы жүріп тұр. Енді олкөбінесе жүргізушіге байланысты. Оған қоса, ауылда мобильдік топ құрылған.Барлық мекеме басшыларының көліктері кез келген жағдайда жәрдем беруге әзір, –деді Тартоғай ауылдық округінің әкімі Досмат Сүйіндік.
– Мен осы қызметке келгелі екі ай болды. Әкім біздіңжағдайымыздан бейхабар деп айта аламын. Ауыл әкіміне қояр талабымыз – бізгекөмекке көлік керек. Науқастарды жеткізу кезінде ешқандай көлік тауып береалмады, – дейді Рахымжан Палымбетов.
Осындайда ауыл әкімі немесе аудан әкімдігі шырылдағандәрігерлерге астарындағы қызметтік көліктерін неге бермейді деген сауалтуындайды. Мәселен, Қызылорда қаласы әкімдігінің шенеуніктері осындайқиын-қыстау уақытта қызметтік көліктерін жедел жәрдемнің игілігіне ұсынған еді.Соған қарағанда Шиелі әкімдігіндегілерге халықтың денсаулығынан гөрі өзшаруалары маңызды боп тұрған болу керек.
Дау болған мәселеге орай, Шиелі аудандық орталық ауруханасыбүй дейді: «Шиелі ауданы Тартоғай елді мекеніне қарасты 2012 жылғы N558санитарлық автокөлігі бұзылып, жөндеуге жіберілуіне байланысты медициналыққызметті тоқтатпау үшін орнына уақытша N973 санитарлық УАЗ автокөлігі жіберілді.Одан бөлек, биыл бес жаңа УАЗ санитарлық автокөлігіне тапсырыс берілді, алдағыуақытта жаңа санитарлық УАЗ автокөлігін алу жоспарда тұр».
Бұл өңірдің оңтүстік ауданындағы жағдай болса,солтүстіктегі Қазалы ауданының ауруханасы біраздан бері тек емхана ретіндежұмыс істептұр.
Эпидемиялық ахуалы ушығып тұрған өңірде қара халық жатараурухана таппай, ақ халаттылардың көмегіне зәру. Бірақ неге екені белгісіз,Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы кейбір емдеу ұйымдарыныңжұмысын тоқтатып жатыр. Тіпті ондағы медицина қызметкерлерін де ақысыздемалысқа жіберген. Ал аурухананың күндізгі стационарға арналған орындарыбүгінде бос тұр.
«Індет ушыққан тұста Қазалы ауданына қарасты күндізгістационарлық ем жүргізетін аурухананы басқарма жауып тастады», – дейді Қазалыаудандық ауруханасының күндізгі стационар дәрігері Аралкүл Ашықбай.
– Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының 26маусымда шыққан №283 бұйрығына сәйкес, күндізгі стационарлар жабылды.Медқызметкерлер төменгі еңбекақыға өз еріктерімен жіберілді, – дейді дәрігер.
Қазір бұл ауруханадағы 15 науқасқа арналған орын бос тұр.Науқастар жатқызылмағандықтан, мұндағы төсек-орындар жинаулы тұр. Бұл текҚазалы ауданында ғана емес, облыстың барлық ауруханаларындағы жағдай екен. Аліндет кезінде мұның зардабын тұрғындар тартып отырғаны белгілі.
– Қазалыда 80 мыңнан аса халық бар. Соның жартысы ауру.Ем алып, жататын жержоқ. Мен, мәселен, таңғы 9-да келдім, 12-ге дейін бір-ақ укол салып үлгерді. Коридортолған кезектегі халық. Неге десем, күндізгі бөлімді жауып тастаған екен, –дейді аудан тұрғыны Пейішкүл Рысбаева.
Қазалыдағы аурухана қазір тек емхана ретінде жұмыс істептұр. Ал тұрғындар осындай дайын орындарға неліктен күніне ағылып, жәрдем сұрапкелген науқастарды жатқызбайтынын түсінбей әлек.
Ал Жаңақорған ауданының тұрғыны Қарасай-Қараш Жорабекұлыоблыс бойынша өлім-жітімнен аудан алға шығып кеткенін айтады.
– Өткен айдан бастап біздің Жаңақорған ауданынан қаншамаадам қайтыс боп кетті. Қайтқан кісілердің дені жұқпалы індеттің салдарынанекені белгілі болып отыр. Бұл дегеніңіз – аудандық емхана басшысыныңәрекетсіздігі. Өкінішке қарай, бүгінгі жағдай еш кешіруге жатпайтын, зұлымдықдеген бағаға сай болып тұр, – дейді ашынған тұрғын.
Қызылордадағы ауруханалардың күндізгі емдеу бөлімдерініңжұмысы неліктен тоқтатылғаны жөнінде денсаулық сақтау басқармасының баспасөзқызметі мынадай мәлімдеме жіберді. «ҚР денсаулық сақтау министрлігінің 2020жылдың 22 маусымындағы «Коронавирусты инфекцияның симптомсыз түрінен ауыратыннауқастарға амбулаторлық көмекті ұйымдастыру туралы 2020 жылдың №380 бұйрығынегізінде облысымызда коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатындабастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету деңгейінде уақытша скринингтіктексерулер, профилактикалық тексерулер, жоспарлы стоматологиялық қызмет, оқушылардыңденсаулығын қорғау қызметтері, медициналық оңалту ІІІ сатысы, салауатты өмірсалтын ұстану бойынша шаралар және психологиялық көмек көрсету уақытшатоқтатылған болатын.
Ауруханадағы күндізгі стационар деңгейінде науқастардыемдеу оларға жұқтыру қаупін арттырады. Сол себепті амбулаториялық жағдайдаемделетін пневмонияны үй жағдайында стационар арқылы емдеу жұмыстары басталды.Халықтың денсаулығын қорғау мақсатындағы уақытша орын алған жағдайға түсіністікпенқарауларыңызды сұраймыз» делінген мәлімдемеде.
Нұрәли САҒАТ
Қызылорда облысы