Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:20, 05 Желтоқсан 2023

1 қаңтардан бастап жеке тұлғалар қанша рет мобильді аударым жасай алады?

ақша
Фото: из открытых источников

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайларын қамтитын декларациялаудың үшінші кезеңі жүреді

Қазақстандықтар картадан картаға мобильді аударымдарды жиі жасайды. Енді олардың мәліметтері салық органдарына беріле ме?

2024 жылдан бастап банктер жеке кәсіпкерлердің мобильді аударымдары жайлы деректерді салық органына жіберіп отырады.

Заңға сәйкес, бұдан былай соңғы үш айдың ішінде бір адамның шотына жүз немесе одан да көп әртүрлі жеке тұлғадан ақша аударымдары түссе, онда банк тарапы бұл азаматтың деректерін кірістер комитетіне жіберуге міндетті. Яғни сізге 100-ден астам мобильді аударым жасалса, онда сіздің деректеріңіз салық комитетіне кетеді.

Заң талаптарын бұзбайтын адамдарға уайымдауға еш негіз жоқ. Себебі жеке тұлғалар арасында бір-біріне аударым жасауға (айталық, туған-туыс, достар мен өзге де жағдайларда) тыйым жоқ, тиісінше олардың үстінен тексеріс те жүрмейді.

Тегтер: