Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:31, 07 Тамыз 2020

Жекеменшік трансформаторлардың мәселесі шешіледі

Шымкент қалалықәкімдігінің таратқан мәліметі бойынша бүгінгі таңда Қаратау ауданында 47 мыңнанастам тұрғын үй бар.

Оның 80,8 пайызы мемлекеттік қуат көзіне қосылған. Ал,қалған 19,2 пайызы жекеменшік трансформатордан жарықалады. Қазірде Қаратаудағы бірнеше шағын ауданда электр желілерін тарту жұмыстарыжүргізіліп жатыр.

Нақтырақ айтар болсақ, Достық шағынауданындағы электр желілерінің құрылысына 2019 жылы бюджеттен 400 миллионтеңге қарастырылып, жұмысы басталған болатын. Биыл тағы 240,6миллион теңге бөлініп, электрбағаналары орнатылып жатыр. Жалпы жоба құны 848,1 миллионтеңгені құрайды. Мердігер «КазАльфаСтрой» компаниясы электр желісін келержылдың қараша айында құрып бітіруі тиіс.

Мұнан өзге, Тұраншағын ауданында электр жарығы құрылысына биылдың өзінде  256,3 миллион теңге қарастырылып, «АБМБилдинг» ЖШС-ы тарапынан жұмыстары басталды. Жалпы құны 2 миллиардттанасатын жоба 2021 жылы қараша айында іске қосылады.

Ал,  Асар-2 шағын ауданындағы электр желілерініңқұрылысына 2019 жылы бюджеттен 700 миллион теңге қарастырылған. Биыл 474,8миллион теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары атқарылып жатыр. Құны 1 миллиардттанасатын қуат желісін «Ремстрой Алматы» компаниясы осы күзде салып бітуі қажет.

Мұнан бөлек,Қаратау ауданындағы Тассай, Азат, Қайтпас шағын аудандарында да электрбағаналарын орнату жұмыстары жүріп жатыр.

Тегтер: