Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:29, 14 Шілде 2020

«Желмен бірге ұшқан Қарағанды»

                   

    12 шілдедеҚарағанды қаласында секундына 21 метр жылдамдықпен жел соқты.

Кейбір аумақтажелдің жылдамдығы бұдан да қатты болған.

    Қас қағым сәттесоққан дауыл қайғылы жағдайға да алып келді. Топан су қоймасында үрленгенматрац үстінде отырған 2001 жылғы тұрғынды жел жағадан әрі қарай ұшырыпәкеткен. Кейін құтқарушылар оның денесін судан алып шықты.  Дауылдан кейінкоммуналдық сала мамандары мен апаттық бригадалар желдің салдарын жою үшін қызужұмысқа кірісті.

     Қатты соққандауылдың кесірінен тоқ сымдары үзіліп, Қарағанды қаласының орталық көшелерінде және Михайлов, Оңтүстік Шығыс, Октябрь аудандарында электр жарығы сөніп қалды. Ал  төтенше жағдай қызметінің есебі бойынша, өңірде жалпы саны 19ғимараттың шатыры істен шыққан. Төрт мектеп пен бес көпқабатты тұрғын үйдің, төрт бизнес нысанының шатыры құлаған.Бұдан бөлек, Мақажанов атындағы медициналық орталықтың, «Лучнейрореабилитациялық орталық», Б.Бейсенов атындағы ІІМ Қарағанды академиясының,полиция департаменті емдеу мекемесінің және Саран қаласындағы «Шұбаркөл Көмір»АҚ ғимаратының,  Осакаров ауданындағы мәдениет үйінің шатыры желмен біргеұшқан. Табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккен тұрғындар да бар.     Орталық базардың алдындағы жолдақатты дауыл тұрған кезде жолаушыны көлік қағып кеткен. Зардап шегуші жедел жәрдемменауруханаға жеткен. Сондай-ақ «Норма» сауда үйінің  шатырынан ұшқан шифербір тұрғынның үстіне құлап, ол жарақат алған. Әлеуметтік желіде түрлі фоталар менвидео жариялаған тұрғындар «Қарағанды желмен бірге ұшып кете жаздады» дегенпікір білдіріп жатты. «Осы дауылдың болатынын алдын ала ешкім ескерткен жоқ.Мен күн жадырап тұрғанға жұмыстармен шығып кетіп едім, дауыл  көтерілгендедалада қалып қойдым. Қайда тығыларымды білмей қатты қысылдым. Алдымнан үй шатырыныңқалдықтары ұшып жатты. Өте қорқынышты болды. Осыны ауа райын болжайтындар негеескертпеген?» – дейді Қарағанды тұрғыны Марат Оразбеков.      Апаттық бригада тоқ сымдарынқалпына келтіруге дереу кірісіп кетті. Мамандар Михайлов, Федоров аудандарымен қоса, қаланың орталық көшелеріндегі үйлердің бір түн тоқсыз қалатынын айтты. «Қатты дауылдың салдарынан электр сымдары үзілген, авариялыққызмет дереу арада  тоқты жөндеуге кірісті. Оңтүстік-Шығыс, Октябрьаудандарындағы және  Сұрыптау станциясымен Пришахтинскінің кейбірбөлігіндегі электр сымдары қайта қалпына келтірілді. Электр энергиясынсызқалған ауруханалар авариялық нысаннан тоқ алу жүйесіне көшті», – деп мәлімдедіоблыс әкімдігінің баспасөз қызметі.       Қарағанды қаласынан өзге, Абайжәне Бұқар жырау аудандарындағы жеті елді мекенде тоқ сөніп қалған. Соныменқатар қатты дауыл салдарынан тұрғын үй аулаларындағы 45 ағаш құлаған.

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

Қарағанды

Тегтер: