Жеңіліс көрмеген қазақстандық UFC-файтерінің екінші жекпе-жегі жайлы тың ақпарат шықты

MMAJunkie.usatoday.com сайты UFC жеңіл салмақтағы қазақстандық Азат Мақсұмның келесі жекпе-жегін америкалық Чарльз Джонсонға қарсы өткізетіні туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Шара 3 ақпанда Лас-Вегаста (Қазақстанда 4 ақпан күні таңертең) өтеді. Бастапқыда Азаттың қарсыласы тағы бір американдық жауынгер Нейт Мэнесс болуы керек еді.
Мэнесс (15-3 MMA, 4-2 UFC) 3 ақпанда жеңілмеген Азат Мақсұммен кездесуі керек еді, алайда ауыр жарақат алуы салдарынан оны кездесуден бас тартуға мәжбүр етті. Нәтижесінде UFC Apex алаңында өтетін турнирде Чарльз Джонсон (13-6 MMA, 2-4 UFC) Мақсұммен (17-0 MMA, 1-0 UFC) жұдырықтасады.
Жаңа матч бойынша ауызша келісімдер жасалынды, жақын арада келісімшарттарға қол қойылады, - деп жазды MMA Junkie.