Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:59, 25 Наурыз 2021

Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы басталды

None
None

Комиссия отырысы вице-премьер Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өтіп жатыр

Жер реформасы жөніндегі комиссия Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Жер кодексі жобасының нормаларын талқылап, ұсыныстар әзірлеу үшін құрылды.

Комиссия төрағасы ҚР Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, төрағаның орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, комиссия хатшысы – АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов.

Комиссия құрамында Сенат пен Мәжіліс депутаттары, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің агроөнеркәсіп кешені мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарлары, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері, фермерлер, салалық бірлестіктер мен фермерлер одағының, «Атамекен» ҰКП-ның өкілдері, қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар, журналистер мен блогерлер бар.

Санитарлық нормаларды сақтау қажеттілігіне байланысты комиссия жұмысы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтында және Facebook-тегі парақшасында онлайн таратылып жатыр.  

19 наурызда Үкімет басшысы Асқар Мамин «Жер реформасы бойынша комиссия құру туралы» өкімге қол қойды.

Құжатта комиссияның жалпы ережелері, міндеттері, комиссия жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі мен құрамы бекітілген.

Тегтер: