Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:23, 20 Наурыз 2020

Жетеуі қалтада біреуі ойда болған

 Амманда өткен олимпиадалық іріктеу турнирінің жартылайфиналына шыққан жеті жігітіміз Токиодағы кешенді сынға жолдама алды.

СәкенБайбосынов алтыншы орынға таласты. Олар неге Иорданияға барды? Неге бардыдегенде, Хубей провинциясында өтуі тиіс болған жарыс Ухандағы ахуалғабайланысты ауада асылып тұрды. Ақыры Амманға аманат артылып, олимпиадалықіріктеу турнирі Иордан өзенін жағалады.

Оларнеге Иорданияға барды?

 Негебарды дегенде, Хубей провинциясында өтуі тиіс болған жарыс Ухандағы ахуалғабайланысты ауада асылып тұрды. Ақыры Амманға аманат артылып, олимпиадалықіріктеу турнирі Иордан өзенін жағалады.

Одан бұрынғы тарихты қозғасақ. АІБАтағдыр-талайы әркімге мәлім шығар. Әуесқой бокстан дүниежүзілік қауымдастықбасшылары былықтың ортасында қалған соң, Халықаралық олимпиада комитеті былғарықолғап шеберлерін кешенді сынға мүлде қоспау жайында бастама көтерді. ОларТокио рингіне шықпай қалуы мүмкін еді. «Ойындар бағдарламасынан сызылып кетсеқиянат шығар» дескендер бокстың ежелден келе жатқан олимпиадалық спорт түріекенін де ескерді. Ақыры кеңес құрып, ақылға салып, шешім қабылдады. АІБА емес,олимпиада жолдамаларын осы қозғалыстың басында отырған ұйым өзі шешетін болды.Нәтижесінде бес қалада, яғни Дакар, Амман, Лондон, Буэнос-Айрес және Париждеұзын саны 286 жолдама үлестірілетіні жайында хабарланды. Қазақстан жолдамажолындағы жарысты Амманда бастады. Наурыз айының басына белгіленген іріктеусынында 63 жолдама сарапқа салынатыны белгілі еді. Оның 41-і жігіттергетиесілі. Қалғаны қыздардың үлесінде. Қазақ елінің былғары қолғап шеберлерібүгінге дейін бірнеше салмақ дәрежесінде жолдама алып үлгерді. Мысалы, Аммандаөткен олимпиадалық іріктеу турнирінің жартылай финалына шыққан жеті жігітімізТокиодағы кешенді сынға жолдама алды. Сәкен Байбосынов алтыншы орынға таласты.Олар неге Иорданияға барды? Неге барды дегенде, Хубей провинциясында өтуі тиісболған жарыс Ухандағы ахуалға байланысты ауада асылып тұрды. Ақыры Амманғааманат артылып, олимпиадалық іріктеу турнирі Иордан өзенін жағалады.

Жетеуі қалтада,біреуі ойда болған. Спорт Абылайхан Жүсіпов алдымен моңғол Мишилт Баттумурданбасым түсіп, ширек финалда екі дүркін Азия чемпионы, 2013 жылы әлем чемпионыатанған Вуттичай Масукты ұтып, Токио олимпиадасына қатысуға мүмкіндік алды. АбылайханАммандағы турнирдің жартылай финалында үндістандық Викас Кришан Ядавпенкездесті.

Жүсіповтің көрсеткені жүдеу бокс

Ақиқаты осы. Абылайды жүндеуге зауқымызсоқпайды, жөндеуді бапкерлеріне қалдырдық. Жүсіповтің жұлдызды шағы келмескекетіп қалмаса болды. Өте талантты жігіт. Ісінде иә боксында қазір бір кемшілікбар. Қай тұстан екені анық байқалмайды. Викаста алып бара жатқан шеберліккөрінбеді. Жүдеу бокс көрсеткен – Жүсіповтің өзі. Тактиканы дұрыс таңдамағанба, әлде сол тактика құрбаны ма? Құрбаны дегенде, қазір, өзі, түсінуден қалдық.Тактикалық жүріс дейді де, негізгі мәселе шешілген соң, былғары қолғапшеберлері буынған белдіктің тілін ағытады. Ол буынға әсер етеді.

ОлҚамшыбектен қашып еді

Енді… Қоңқабаев рингке шықпады. Жартылайфиналда. Әлде қолы, әлде білегі аздап жарақат алған. Бізге жеткен ақпарат осы.Тағы да тактикалық тұрғыдағы бас тарту ма? Ол маңызды емес. Сыр елінің боксшысынегізгі мәселені оң шешті. Өткен жексенбінің кешінде Қазақстан құрамасыныңкапитаны Токио олимпиадасының жолдамасын қолға түсірді. Ширек финалда қытайспортшысы Маймайити Айемаитидың осал тұсын тапты. Табатыны – табандылықтанытты. Дәл сол күні Қамшыбек Маймайитидің соққысын дарыту қайда, реті келсебір құлатуға жақын жүрді. Сосын Австралия боксшысы Джустис Хунимен финалғаберілер жолдаманы сарапқа салатын болған. Сол кезде езу тарттық. Екеуібылтырдан бері кездесе алмай жүр. 2019 жылы қыркүйекте Екатеринбургтегі әлембіріншілігінің жартылай финалында жолдары түйісіп еді, Хуни жекпежектен бастартты. Дүниежүзілік чемпионаттың жартылай финалында біреуге жол беру… ЖүрегідауаламаСосын сылбыр қимылдайды. Қазір Абылайханға сын садағын бұрасыңау, бірақол іштей біліп тұруы мүмкін, Ядавқа өзі ептеп мүмкіндік бергенін. Сондықтанәліптің артын бағайық. Айтпақшы, біраз бұрын Қазақстан құрамасының бас бапкеріҒалым Кенжебаевпен кездестік. Ақтаудағы Шоқыр Бөлтекұлы атындағы турнирден кележатқан беті екен. Аз-кем әңгімелесудің сәті түсті. Жігіттерді сұрадық, жағдайынбілдік. Бас бапкер айтады: «Қазір кез келген салмақ дәрежесінде үш-төрт мықтыбоксшы бар. Бірінен-бірі өтеді. Бір жағынан, жақсы, бәсекелестік шыңдалады.Кейде кері әсері де тиеді. Бокс туралы көп айтуға да, тіс жармауға да туракеледі. Ар жағын өзің салмақтарсың. Қазір Азия құрлығында бокс қатты дамыды. Бұрын мұрын шүйіре, өзгелер шекеден қарайтын Үндістанныңөзі деңгейін көтеріп алды. Келесі олимпиадада сол елдің спортшысынан өтудің өзімұңға айналуы мүмкін. Ақпарат ағылып жатқан заман, ақыл жетілген кез. Бапкерлерғана емес, боксшылар ғаламтор кезіп көп ізденетін болды», – деп. Дәл Жүсіповқақатысы аз шығар, дегенмен боксқа шамасы келмейді делінетін елдердің өзі деқазір биікке бастайтын жолды біліп алған. ды ма, әлде Джустис шынымен дежарақатына байланысты шыға алмады ма екен? Оны енді Амман шаршы алаңындабілеміз деп жымиған едік. Тағы да көңілде күмән, көкейде сұрақ қалды. Бұл жолыбас тартуға бастамашыл болған – біз жақ. Сауығып кетсін, Қамшыбек. ӘгәрәкиТокиода жолдары түйісіп жатса, жолығып қалар. Қазір жасыл құрлықтың ұлдары дақарсыластарына жұдырық жұмсап үйренді. Мысалы, Давид Ниика. Жартылай финалдаөзбек боксшысы Санжар Тұрсыновтан басым түсті. Күліп қойып, білгенін жүзегеасыратын Давидтен мұндай нәтиже күтпеп едік. Талдырмаш жігітті күрзі жұдырықтыТұрсынов талдырып қоя ма деп уайымдадық. Бірінші раундта Нииканың сау-тамтығынқалдырмауға бекінген Санжар салды да кетті. Ұрды, төнді. Төрешілер де ұпайдыаямай берді. Давид те қызық жігіт екен, ішінен соққы алса да күледі, жағынанұрса да жымияды. Биік бойды, ұзын қолды пайдаланайын деген ниет жоқ. Ә дегендеайыл жиған боксшыдан іш тартып қалғанымыз да шын. Екінші раундта Давид түлепсала берді. Қолы өзінікі екеніне көз жеткізді ме, Тұрсыновты соққының астынаалды. Арақашықтықты сақтап, барынша сауатты өнер көрсетті. Өзбек боксшысы дааң-таң, жаңа ғана жеңіс қолында еді, сусып бара жатқанын сезді. Үшінші раундтаСанжар алға ұмтылды. Ниика тосып алады да, өзі төпейді. Нәтижесі белгілі. Оленді біздің Василий Левитпен кездеседі.

Левитсуынып қалған секілді

Байсалды Василийдің бабы таяған кезін көргенемеспіз. Қашанда бірқалыпты. Қарсыласын әбден зерттеп барып іске кірісетін.Алайда Иордания шаршы алаңында шаршаңқы Левитті көрдік. Әлдебір ой құшағында.Тіпті ширек финалда да жасындай жарқылдай алмады. Тәжік боксшысы ДавлатБолтаевты ұтты. «Шынымды айтайын, бәске түспегелі бірталай уақыт өтті. Суыныпқалыппын. Рингке етім үйренгенше оңай соқпайды», – деп ағынан жарылды. Жартылайфиналда жергілікті спортшы Хуссейн Яшаишпен кездесіп, бірінші раундта ашылаалмады. Екеуі былтыр Ресейде өткен әлем біріншілігінде қарсылас атанып, Василийөз үстемдігін паш еткен. Хуссейн өзіндікұрыс жүргізу мәнері бар жігіт. Оның үстіне қалың Амман қолдап отырғандабілгенінен жаңыла ма, алғашқы раундты өз пайдасына шешті. Келесісінде декелісті соққылар жасады. Бірақ енді қарманбаса кеш болатынын түсінген Василийде іске кірісті. Нәтижесінде финалға жолдама алды. Жеңуін жеңген шығар, бірақөзі айтқан, біз көрген жағдай алаңдауға негіз болады. Дәл осылай жүрсеолимпиада жүлдесі жалынан да сипатпайды.

Бауырға жұдырық сілтеу

Есімізге елденЕуропаға кеткен Нұрхан Сүлейменоғлы түседі. Шымкентте шеберлігін шыңдағанНұрхан кейін түрік туы астында өнер көрсетті. Халықаралық жарыстардың біріндеБолат Ниязымбетов екеуін жеребе жұптайды. Қазақстан құрама командасына енгенжігіттерден естідік, Нұрхан да, Болат та қатты қиналыпты. Екеуіне де жеңіс керек. Құр жүруге намыс қана емес,бапкерлер де жібермейді. Қазақ елінің былғары қолғап шеберлерін ӘбдісаланНұрмаханов бастап барған. Нұрмаханов Нұрханды ұруға болмайды деп айта ма? Болатекеуі жас кезінен таныс екені ол кісіге де мәлім еді. СүлейменоғлыНиязымбетовті іздеп келіп, екеуі бірін-бірі ұрмауға уәделесіпті. Келесі күнірингте қандай жағдай орын алғанын айтуға қазір асықпайық. Тағы бірде ретікелер. Өзбек жерінде бокс әліппесін таныған Бақыт Сәрсекбаев осы бір спорттүріне Шыңжанда қызыққан Қанат Исламның 2007 жылы Чикагода өткен әлембіріншілігінде кездескені де еске түсіп отыр. Хаттамаға есім-сойы Ханати Сламиболып жазылған бауырды 2006 жылы Дохадағы Азия ойындарында да көргенбіз. Ендітағы бір беделді сында екеуінің төбелесуіне тура келді. Бұған дейін құрлықтыңжарыс деңгейінде кездесіп, Қазақстан туы астында өнер көрсететін Бақыт жеңіскежеткен. Енді Ханати мығым көрінді. Шеберлігін шыңдапты. Қара күші жетіліпті.Сақ қимылдап, сауатты қорғанып, бәсекені өз пайдасына шешті. Слами қауіптіқарсылас еді. Қауіпті болатыны – кезекті жазғы ойындар 2008 жылы Бейжіндеөтетіні белгілі. Шаршы алаң қожайынына айналатын, онсыз да шашасына шаңжұқтырмайтын Ханатидың Сәрсекбаевты тағы да ұтуы мүмкін еді ғой. Келесі жылы,яғни сол Бейжің олимпиадасының бокс бағдарламасы басталар күнгі алдындағыжеребеден кейін көңіл орынға түсті. Екеуі финалға екі жолмен барады екен. Жетеалса, әрине. Жететіні күмән тудырмаған. Тай боксшысы Манн Бомжумнонгтан өзгесіоларға қарсылас емес еді. Тіпті әлем чемпионы Деметриус Андраде «Ханати менБақытқа жолықпасам финалдамын» деп сұхбат берген. Екеуі де 69 келілік салмақдәрежесіндегі серкелер. Жететін де еді. Ханати жартылай финалда күтпеген жерденКуба боксшысы Карлос Бентаур Суарестен жеңілді. Бір өкіндік, бір ойландық.Өкінетініміз, Қанат бауыр финалға шыға алмады. Ойланатынымыз, Суарестісүріндірсе, Сәрсекбаевқа оңай соқпайтын еді. Арада жылдар өткенде, Амманда 75келілік салмақта өнер көрсететін Әбілхан Аманқұл Қытай туы астында өнеркөрсететін Тоқтарбек Таңатқанұлымен шеберлік байқасатын болды. Тоқтарбек ширекфиналда Иран өкілі Мусави Сейедшахинді жеңді. Әбілханға өзбек Фанат Қаһрамоновтап болған. Әбілхан жұдырықтасудың әдемі үлгісін көрсетті. Қаһрамоновты айқынбасымдықпен жеңді. Енді Тоқтарбекпен сынға түсуге тура келді. Аманқұлдыңқазіргі бабы шындаса Таңатқанұлын тарпа бас салып, тас-талқан ұтуға мүмкіндікберетін еді. Ол да осал емес және былтырғыға қарағанда көп өсіпті. Рингтегіқозғалысы, қол сілтеуі, қорғанысы – бәрі-бәрі көңілден шығып тұр. Тағы да солішкі түйсік, екеуі де беттен ұрмауға өз-өзі іштей серттесіп алғандай әсерберді. Үздіксіз соққы жасаумен болды. Жан ауыртатын емес, жанкүйерлер мен төрешілердіалдаусыратуға арналғандай. Бірбіріне деген өшпенділік жоқ. Қайта ішкімейірімдерін әрең іркіп жүргендей. Екеуінің де мақсаты – үш раундты жылдамөткеру. Кім жеңсе де, қайғыратын кейіп танытпады. Сырт көзге қарсыласқа салқынқарағандай көрінуге тырысты. Мысалы, рефери Әбілханның қолын көтергенде,Тоқтарбек қарсыласын құттықтауға ұмтылған жоқ. Екеуі де көсіліп шаба алмады. Оланық. Біз Әбілханды өзбек боксшысымен өткен кездесуде байқадық. Токио шыңынбағындыруға бірден-бір үміткер өзі.

 Бекзат белесті бағындырды

Шыңға шыға ала ма? Әлі де ширай түсу керек.Мұхиттың арғы бетінде дайындалды деп естідік. Есейгені ептеп байқалды да.Есейді дегенде, сол толысқан тәжірибе, шыңдалған шеберлік туралы айтып отырмыз.Тағдыры солай, Бек Нұрмағамбет әлем чемпионатының алдында жарақат алып, кезекБекзатқа тиді. Екатеринбург рингінде Нұрдәулетов мүмкіндікті мүлт жібермей,чемпион атанды. Бас бапкер Ғалым Кенжебаев Иорданиядағы іріктеу турнирінеБекзатты лайық көрді. Ол сенімді ақтады. Алайда көзге ұрып тұрған кемшіліктеріде бар. Енді соны түзеуге ұмтылса дейміз. Әлем чемпионы дегенде, МирәзизбекМырзахалилов еске түседі. Қазақстан өкілі Серік Теміржановпен кездесудедүниежүзінің мықтысы өзін қалай ұстауы керегін байқатты. Серік те жарап тұр,Павлодарда да бокс бар екенін дәлелдеп берді. Ширек финалда Иран спортшысыДаниал Шахбахшты жеңіп, Токио олимпиадасының жолдамасын ұтып алды. Желпінгенжеті жігіттің ішінде Закир Сафиуллин де бар. Ал жеңіл салмақтағы СәкенБибосынов қосымша жолдамалардың біріне қол созды.

 АмангелдіСЕЙІТХАНОВ

Тегтер: