Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:45, 26 Тамыз 2024

Жетісу облысында 261 бала инклюзивті білім алмаса да, мұғалімдерге ақша төленген

r
Фото: pixabay

Талдықорған қаласының прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқыту саласындағы заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді.

Прокурорлар стационарлық емделу кезеңінде мүмкіндігі шектеулі 261 баланың инклюзивті білім алмағанын анықтады. Осыған қарамастан мұғалімдерге 2 251 833 теңге төленген. 

Қадағалау актісі бойынша бұрын білім алмаған балалар білім беру процесіне қайта қосылып, қажетті білім алды. Сондай-ақ мемлекет кірісіне 2 251 833 теңге өтелді, делінген прокуратура мәлімдемесінде.

Айта кетейік, инклюзивті оқыту — бұл барлық балалар, олардың физикалық, ақыл-ой, мәдени немесе әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы білім алуға тең қол жеткізе алатын білім беру жүйесіндегі тәсіл.